Сонымен бірге, аскариданың жұмыртқаларын шыбындар, тарақандар
тасуы ықтимал. Ластанған топырақпен ойнаған балалар қолын ауызына
апарып, немесе жуылмаған қолымен тамақтанады да, құрт жұмыртқаларын
жұқтырады. Топырақтағы жұмыртқалар су ағысымен өзенге түседі, сол суды
қайнатпай ішкен адам ауырады.
Аскаридалар кең тараған паразиттер. Кейбір елдердің тұрғындарының
тұрмыстық жағдайына тікелей байланысты олар өте жиі кездеседі. Мысалы,
Жапония тұрғындарының аскаридозбен 100% зақымданғаны белгілі, себебі
сол елде адам нәжісі егіндіктерге тыңайтқыш ретінде шашылады.
Rhabditida отряды.
Қең тараған нематодтар, көп түрлері топырақта,
тұщы суларда, өсімдік пен жануарлардың денесінде тіршілік етеді. Rhabditida
отрядына көптеген тұқымдастары жатады, солардың ішінде адамға,
жануарларға және өсімдіктерге аса зиян келтіретін негізгі тұқымдастарының
өкілдерін қарастырамыз: Oxyuridae тұқымдасының өкілі балалар острицасы -
Enterobius vermicularis; Strongyloididae-ның өкілі ішек угрицасы -
Strongyloides stercoralis; Ankylostomidae тұқымдасының өкілі - он екі елі
ішектің свайнигі - Ankylostoma duodenale; Tylenchidae тұқымдасының
өкілдері насекомдардың паразиті (түкті араның) -Sphaerularia bombi және
өсімдіктердің паразит нематодтары, бұзғынша (галла) нематодасы -
Meloidogyne incognita, қызылша - Heterodera schachtii, бидай -Anguina tritici,
картоп сабақ нематодасы - Ditylenchus destructor.
Достарыңызбен бөлісу: