әр түрлі қолайсыз жағдайларына өте берік, төзімді. Тіпті олар 2-4% улы
калий немесе натрий ерітіндісінде бір ай уақыт, ал формалиннің ерітіндісінде
4-5 жылға дейін тірі болған. Бұның бәрі аскарида үшін, паразиттік тіршілік
етуіне байланысты, маңызды биологиялық мәні бар.
Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаның оттегісі мол, қолайлы
температурада (28-33°С) ғана дамиды. Осы жағдайлар болса олар 10-15
күннің ішінде дамып жетіледі де инвазиялық (жұқтыру) сатысына ауысады,
яғни иесінің (адамның) денесінде ары қарай дами беруге қабілетті.
Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе көкөністі
жумай жегенде жұғады. Адам аузына түскен инвазиялық жұмыртқа ішекке
өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен жұтылған жұмыртқаның қабығы
бұзылады да, одан дамып, қалыптасып тұрған личинка шығады. Личинка сол
жерде қалып, өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын
бастайды. Бұл микроскопиялық майда личинкалар ішек қабырғасын
бұрғылап қан тамырларына түседі. Қанның ағысымен олар бауырға,
бүйрекке, содан жүрекке, соңынан өкпеге келіп тоқтайды. Бұл кезде олардың
ұзындығы 1 мм шамасында болады. Өкпеде личинкалар қан тамырларын
тастап, альвеолдарға, бронхыларға, одан тыныс жолына түсіп, ауызға қарай
жылжиды. Осы уақытта личинкалар тамақты (тыныс жолын) жыбырлатып,
адамның жөтелу кезінде ауызға тез түседі. Ауыздан сілекей мен ас арқылы
личинкалар ішекке келіп, өзінің дамуын аяқтайды. Дайын аспен қоректене
отырып, тез өседі де, ересек формасына жетеді. Аскарида личинкасының
миграциялық даму циклі иесінің денесінде үш айға созылады.
Аскаридозбен ауырған адамның тағамға тәбеті тартпай, іші ауырып,
температурасы жиі көтеріледі, жүрек соғу ритмі бұзылып, уланудың
белгілері байқалады. Оның себебі - құрттардың ішек қуысына ерекше улы
заттар - токсиндер бөліп шығаруында. Балаларда аскаридалар ішектен өте тез
жоғары көтеріліп жұтқыншаққа, одан ауыз немесе мұрын қуысы арқылы
сыртқа шығады. Осы уақытта баланың тұншығу қауіпі туады. Аскариданың
личинкалары миграциялар жасау арқылы бактериялардың ішкі мүшелерге
енуіне жол ашады және өкпе қабырғаларын зақымдайды. Ересек түрлері
ішектің сілекей қабатына тіркеліп, қадалып немесе ішектің ішінде үнемі
қозғалып жүруіне байланысты ішекке үлкен зардап келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: