Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет113/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

76-сурет
.
Нематодтардың зәр шығару және нерв жүйесі: А,Б - тармақталған мойын 
бездері (Secernentea класс тармағы); В - шомбал типті мойын безі (Adenophorea класс 
тармағы); Г - аскариданың фагоцитарлы клеткалары;
1 - жұтқыншақ, 2 - ішек, 3 - фагоцитарлы клеткалар, 4 - бүйір сызығы (ойығы), 5 - құрсақ 
нерв бағанасы; Д - аскариданың нерв жүйесі; 1 - ауыз бүртігі, 2 - жұтқыншақ нерв 
сақинасы, 3 - бас ганглиялары, 4 - құрсақ нерв бағанасы, 5 - бүйір нерв бағанасы, 6 - 
комиссуралар, 7 - арқа нерв бағанасы, 8 - сезім бүртіктері
Сонымен қатар, фагоцитарлы клеткалар деп аталатын жұлдызша 
клеткалары бар. Олар зат алмасудың соңғы әр түрлі ерімейтін қалдықтарын 
және денеге енген бөгде заттарды, мысалы бактерияларды, өздерінің бойына 
тартып алады. Жиналған заттар сыртқа шығарылмайды, сондықтан бұл 
клеткаларды "жинақтау бүйректері" деп те атайды. Олар гиподерманың бүйір 
білеулерінің бойымен дененің алдыңғы үштен бір бөлігіндегі дене қуысында 
орналасқан.
Жылқы аскаридасында (Parascaris equoram) фагоцитарлы клеткалар 
төртеу. Егер тәжірибе жүзінде, аскарида денесінің қуысына шприцпен сепия, 
кармин тағы басқа бояулар жіберілсе, бірнеше сағаттан соң олар 
фагоцитарлы клеткаларға жиналады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі нематодтарда болмайды. Еркін 
тіршілік ететін түрлері бүкіл денесі (терісі) арқылы тыныс алады, ал 
эндопаразиттік нематодтарда тыныс алу процесі анаэробты, яғни оттегі жоқ 
жерде гликогеннің ашуы арқылы іске асады. Гликоген қоры жұмыр 
құрттарда белгілі бір жолмен гиподермада жиналады. Гликогеннің анаэробты 
ыдырауы нәтижесінде түзілген соңғы өнімдері - органикалық қышқылдар, 
соның ішінде май және валериан қышқылдары қуыс сұйықтығында жиналып
улы, күйдіргіш затқа айналады. Сондықтан құртты сойғанда өте мұқият және 
абай болу керек.
Нерв жүйесі және сезім мүшелері қарапайым құрылысты. Біріншіден, 
нерв жүйесі тұтасымен гиподерма қабатында, теріге жақын орналасқан, 
екіншіден - күрделі ганглиозды клеткалар жүйесі дамымай, нерв клеткалары 
нерв бағаналарымен байланыса жекеленген (ганглияларды құрмай), тек 
құрсақ нерв бағанасының ұзына бойында нерв клеткалары шоғырланып 
"құрсақ тізбегін" құрып дамыған.
Нерв жүйесінің орталық бөлімін - жұтқыншақ маңындағы нерв 
сакинасы құрайды. Ол нерв талшықтарынан (нейрофибриллдерден) түзілген 
және нерв клеткаларымен тығыз байланысқан. Нерв сақинасынан басының 
ұшына қарай алты қысқа және артқа қарай алты ұзына бойы созылған нерв 


бағаналары тарайды: құрсақ (вентральды), арқа (дорзальды), екі бүйірлі 
(латеральды), арқа бағанасына таяу (субдорзальды) және құрсақ бағанасына 
таяу (субвентральды). Осы алты нерв бағаналарының екеуі - құрсақ 
(вентральды) және арқа (дорзальды) - күшті дамыған (әсіресе құрсақ 
бағанасы). Олар бір-бірімен денесінің бірде сол, бірде оң жағынан кезектесіп 
орналасқан жіңішке жарты сақина тәрізді комиссуралар арқылы байланысып, 
арқа-құрсақ тізбегін құрайды (76, Д - сурет).
Арқа бағанасы арқа-бүйір бөліктерінің бұлшықеттерін, ал құрсақ 
бағанасы құрсақ-бұйір бұлшықеттерін және өңеш
пен
ішекті 
иннервациялайды (нервтендіреді). Алдыңғы алты қысқа нерв бағаналары 
сезім мүшелерін және бас папиллаларын, амфидаларын, қылтаншаларын, 
жарық сезгіш клеткаларын нервтендіреді.
Қалыптасқан нерв жүйесі жұмыр құрттардың личинкасының екінші 
сатысында да кездеседі. Түрлі экологиялық топтарды құрайтын жұмыр 
құрттардың нерв жүйесі (аздаған өзгерістерімен) толық сақталған, осының 
нәтижесінде бүкіл нематодтардың филогенетикалық байланыстарының бар 
екендігін дәлелдеуге болады.
Топырақта және паразиттік тіршілік етуіне, тесу, қазу қозғалысына 
байланысты нематодтардың, сезім мүшелері ете нашар дамыған. Тітіркенуді 
қабылдайтын үш түрлі рецепторлары бар: тері сезу (тангорецепторлар), 
химиялық заттарды сезетін (хеморецепторлар) және жарық сезетін 
(фоторецепторлар). Бірінші топ - қылтаншалар, папиллалар, бурсальды 
қанаттар, екінші - амфидалар, фазмидалар, гиподермальды поралар 
(саңылау), үшінші - жарық сезгіш клеткалар. Рецепторлы мүшелер дененің 
бас, құйрық (каудальды) және жыныс мүшелерінің (гениталий) бөлімдерінде 
шоғырланған.
Қылтаншалар мен папиллалар (кутикуланың кішкене бүршікті 
төмпешіктер) ауыз тесігінің, еріннің айналасында екі-үш қатар орналасқан 
(77-сурет). Бұларға нерв тамырлары тығыз жанасып жатады. Аталық 
түрлерінде денесінің артқы жағында, аналь маңындағы папиллалар жақсы 
дамыған. Осылар арқылы шағылыс кезінде аналық жыныс тесігін тауып 
алады.
Тіршілік етуіне байланысты, теңіз және тұщы суда еркін тіршілік 
ететін түрлерінде қылтаншалар, ал сапробионт субстратында (органикалық 
заттар-дын. ыдырап, шіріген жері), топырақта және паразиттік түрлерінде 
папиллалар басым. Басының сыртқы және ішкі жағында орналасқан 
папиллалар арқылы нематод иесінің тканіне тереңірек ене алады. Tylenchida-
лардың папиллалары редукцияға ұшыраған. Оларда поралар мен нерв 
бағаналарының ұштары ғана сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет