арқа құрсақ бөлімінде.
Нематодтардың денесі арқа құрсақ бұлшықеттерінің қарама-қарсы
кезектесе жиырылып серпілуінің нәтижесінде дорзо-вентральды бағытта
ғана иіле алады және құрт оң немесе сол жақ бүйірімен қозғалады.
Әрбір бұлшықет клеткасы ұзын ұршық тәрізді болып,
жиырылғыш
және цитоплазмалық аймақтан, сонымен қатар нерв бағаналарына
бағытталған плазмалық өсінділерден тұрады (74-сурет). Бұлшықет
клеткасының жиырылғыш аймағында миофибрилдер, ал
цитоплазмалық
аймақта ядро, митохондриялар, гликоген гранулалары, тірек талшықтары,
басқа да органеллалары орналасқан. Плазмалық немесе иннервациялық
өсінділері орталық нерв жүйесінің қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір
бұлшықеттен екіншіге өткізеді. Сонымен нематодтардың бұлшықет клеткасы
жиырылғыш қызметінен басқа, қозуды өткізу қызметін де атқарады.
Бұлшықет клеткаларының саны бойынша нематодтарды меромиарлы
және полимиарлы деп екі топқа бөледі. Меромиарлы топтағы нематодтардың
бұлшықет клеткаларының саны 8-ден аспайды, бұларға ұсақ түрлері жатады,
ал полимиарлылардың клетка саны ондаған және жүздеген,
бұларға ірі
нематодтар жатады.
Тері-бұлшықет қапшығы мен ішектің арасында протоцель немесе
схизоцель деп аталатын денесінің алғашқы реттік қуысы орналасады. Бұл
қуыстың өзіндік қабырғасы жоқ және іші сұйық затқа толы. Сұйық зат денені
кернеп, оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды. Алғашқы реттік қуыс
дененің тірегі бола тұрып, зат алмасу процесіне де қатысады. Дене қуысы
арқылы қорытылған заттар ішектен бұлшықеттерге, ішкі мүшелерге, ал зат
алмасудың қалдық өнімдері зәр шығару мүшесіне ауысады. Осылайша дене
қуысы организмнің ішкі ортасы болып келеді. Паразитті нематодтардың дене
қуысында түссіз сұйыққа толы клеткалар топтасып жатады,
жалпақ
құрттардың паренхимасына ұқсас. Қуыстың сұйық затында валериан, капрон
қышқылдары бар, сондықтан да олар улы.
Достарыңызбен бөлісу: