Жұмыртқа клеткалары аналық безінен оотипке түсіп, осы жерде қынап
арқылы келетін сперматозоидтармен қосылып ұрықтанады да, сарыуыз және
қабыршақпен қапталып, тұйық бітетін жатынға өтеді. Осы жерде дамуының
бірінші сатысы басталады. Жатынға түскен жұмыртқалардың
саны өте көп,
сондықтан жатынның орталық бөлімінен оң және сол жаққа қарай жанама
тармақтары тарап, жұмыртқаларға толып жатады. Осылайша гермафродитті
буын "пісіп жетілген" буынға айналады. Денесінің соңғы жағындағы пісіп
жетілген буындар үзіліп, иесінің ішегінен сыртқы ортаға шығарылып тұрады.
18-20 жыл өмір сүретін өгіз солитері бір жылда 600 млн-нан аса жұмыртқа
шығарады. Сонда бүкіл тіршілігі барысында солитер 11 млрд, жұмыртқа
бөледі.
Дамуы.
Адамның ішегінен нәжіспен бірге сыртқы ортаға шыққан пісіп
жетілген буындар шіріп, ішіндегі жұмыртқалары топыраққа түседі.
Дамуы
үшін жұмыртқа аралық иесіне енуі қажет.
Өгіз солитерінің аралық иесі өгіз немесе сиыр. Осылардың ішегіне
түскен жұмыртқадан онкосфера деп аталатын алты ілмешегі бар ұрық
шығады. Осы ілмешектерімен онкосфера ішек қабырғасын тесіп, лимфа және
қан жүйесіне түседі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі мүшелерге
көбінесе бауырға, бұлшықеттерге, өкпеге, кейде миға жетеді. Осы мүшелерде
ұрық - онкосфера финна деп аталатын личинка сатысына айналады. Финна
бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы
көпіршік, оның ішінде төрт сорғышы бар
басы болады (66-сурет). Осыңдай личинканы цистицерк деп те атайды.
Личинка аралық иесінде бірнеше жыл өмір сүре алады. Финна ересек
формасына айналуы үшін негізгі (түпкілікті) иесі - адамның ішегіне түсуі
қажет. Финнозбен ауырған сиырдың толық қуырылмаған немесе пісірілмеген
етін жеген адамның ішегіне түскен финна басын шығарып,
сорғыштары
арқылы ішекке жабысады. Көпіршігі еріп, қалған басы мойнымен бірге жедел
өсе бастайды да, мойны жаңа буындарды түзеп, денесі ұзарады.
Сонымен, Taeniarhynchys saginatus-тың тіршілік циклі иесін алмастыру
арқылы және күрделі құрылысты онкосфераның финнаға, финнаның таспа
тәрізді ересек түрге ауысуымен байланысты.
Таспа құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру
және онкосфераның финна личинкасына, финнаның ересек түріне
ауысуымен өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады:
жоғарыда
көрсетілгендей цистицерк-сұйықтыққа толы көпіршік, ішінде жиырылып
жатқан бір басы болады; ценур-сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында
бірнеше
басы орналасқан, олардың әрқайсысы жеке особьқа айналады;
финнаның ерекше түрі - эхинококк, көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және
көпіршіктің ішінде бірнеше басы бар көптеген көпіршіктері түзіледі;
цистицеркоид - көпіршіктің құйрық тәрізді өсіндісі болады; плероцеркоид -
құрт тәрізді личинка (67-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: