Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Қан айналу және тыныс алу жүйесі



Pdf көрінісі
бет96/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Қан айналу және тыныс алу жүйесі 
болмайды. Анаэробты жолымен 
тыныс алады.
Нерв жүйесі, сезім мүшелері 
нашар дамыған. Орталық жүйке жүйесі 
жұп ми түйінінен тұрады. Бұл екі түйін бас бөлімінде орналасып, өзінен 
артқа қарай бірнеше жұп нерв бағаналарын таратады. Бағаналар өзара 
көлденең байланысып, ортогонды нерв жүйесін құрайды. Ерекше дамыған 
екі бағана дененің бүйірінен өтіп, өзінен көптеген тармақтарды бөледі, олар 
өзара тұтасып тері асты нерв қабатын түзеді.
_Сезім мүшелері
денесінің 
беткі жағында сезу клеткалары түрінде шашырап таралған. Көп мелшерде 
олар бас бөлімінде (сколексте) кездеседі.
Жыныс жүйесі
гермафродитті, құрылысы жағынан сорғыштарға 
ұқсас, бірақ таспа құрттардың әр түрлі топтарының жыныс мүшелерінің 
пішіні, орналасуы, саны жағынан әр түрлі болатыны байқалады (мысалы, 
бірқатар түрлерінің жыныс тесігі құрсақ немесе арқа жағында ашылады
кейбір түрлерінің жыныс бездері біреу болса, екіншілерінде жүзден асады, т. 
б.).
Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысын және дамуын өгіз солитерін 
(Taeniarhynchus saginatus) алып қарастырайық. Өгіз солитерінің (цепенінің) 
кішкене басы, қысқа мойны және буындардан құралған ұзын 10-20 м-ге жуық 
денесі болады (65-сурет). Солитердің алдыңғы ең жас 3-4 буындары болмаса, 
басқа буындарының әрқайсысында күшті дамыған гермафродитті жыныс 
жүйесі бар. Осындай буынды - гермафродитті буын деп атайды.
Көпіршік пішінді аталық бездері паренхиманың арасында шашырап 
орналасқан. Аталық бездерінің тұқым шығару түтіктері бірігіп ортақ аталық 
жолын құрайды. Аталық жолы кеңейіп шағылыс (penis) мүшесіне айналып, 
буынның бүйір бөлігіндегі жыныс клоакасына еніп жатады.
Аналық мүшесі тарамдалған екі аналык бездерінен құралып, аналық 
жолы арқылы оотипке ашылады. Оотипке екінші жағынан сарыуыз безі де 
ашылады. Оотиптен екі канал шығады. Біреуі кынап, аталық жолымен қатар 
созылып жыныс клоакасына ашылады, екіншісі буынның алдыңғы бөлігіне 
бағытталып тұйық бітетін жатын (65, В-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет