54
55
11-БӨЛІМ
ЕҢБЕК. ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
Ой бөлісейік
1. Еңбек дегенді қалай түсінесіз?
2. Еңбекке қатысты қандай мақал-мәтел, нақыл сөз білесіз?
3. Еңбек туралы заңды қарап көрдіңіз бе?
4. Еңбекке қатысты оқыған әңгімеңізбен бөлісіңіз.
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқыңыздар.
ТМД (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы) елдерінде азаматтардың еңбек уақы-
ты бір аптаға 40 сағаттан келеді екен. Ал Еуропада жұмыс уақыты ең қысқа ел-
дердің тізімін Германия мен Нидерланда бастап тұр.
Мәселен, аталған елдерде жұмыс күні шамамен 5 сағатқа созылады. Таң-тамаша
болып отырсыз ба? Сонда бір жыл көлемінде 1 330 сағат жұмыс істейді деген сөз.
Ал бір сағат еткен еңбегі үшін Германияда – 35, Нидерландыда – 42 доллар көлемін-
де жалақы төленеді.
Әлемдегі жұмыс уақыты ең қысқа елдердің қатарына келесі
елдер де кіреді. Францияда еңбек келісімшарты бойынша аптасына 26 сағат, Авст-
рияда 27.5 сағат, Бельгияда 27.8 сағат, Ирландияда 28.3 сағат, Данияда 28 сағат, Люк-
сембургте 30 сағат, Финляндияда 30 сағат, Британияда 31 сағат жұмыс істейді. Айта
кетсек, дәл осы ондыққа кірген елдердің еңбекақысы да жоғары болып саналады.
Айтып-айтпай не керек, еуропалықтар өз қызметкерлерінің асты-үстіне түсіп, бар-
лық жағдайларын жасайды. Бір ескеретіні, жұмыста сирек, анда-санда болса да қа-
лып,
кеш бойы жұмыс істейтін неміс жұрты болып шыққан. Олар келісімшарттағы
бекітілген жұмыс уақыты әлдеқашан бітіп қалса да, жұмыс орнында отырып, үлкен
ізденіс үстінде еңбектенеді екен. Бұл көрсеткіш жағынан олар барлық елдерден алда
тұр. Мүмкін, ірі кәсіпорындардың тоқтамауы, баспасөз беттерінде олардың ашқан
жаңалықтары туралы дүркін-дүркін жазатындары да осыдан болар. Көп сала бойын-
ша олардың көшбасшы болып тұрғандары анық, оны мойындау керек.
(А.Т.Бозбаева ... Қазақ тілі)
Достарыңызбен бөлісу: