50
51
10-БӨЛІМ.
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ.
ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМДАР.
Ой бөлісейік.
1. Білім және инновация дегенде ойыңызға ең алдымен не келеді?
2. Инновациялық технология дегеніміз не?
3. Қазіргі уақытта инновациялық білімге сай ең алдымен нені меңгеруіміз қа-
жет деп ойлайсыз?
4. Қазіргі замандағы жас ғалымдардан кімдерді білесіздер?
ОҚЫЛЫМ
Ғылымның жаңа бағыттары
Қазіргі таңда Жоғары ғылыми-техникалық комиссия
қазақстандық ғылымның
жаңа басым бағыттарын бекітті. Бұл – энергетика мен энергия сақтау, шикізат пен
өнімді
терең қайта өңдеу, өмір туралы ғылым, ақпараттық және телекоммуника-
циялық технология бағыттары. Аталмыш бағыттар өндіріс
пен адам денсаулығын
ғылыми-техникалық дамытуға бағытталған және инновацияда зерттеудің міндетті
болуын көздейді. Осы басым бағыттар аясында 88 ең өзекті жоба бағдарламалық-
мақсатты және грантты қаржыландыруға бекітілді. Оларды жүзеге асыру келесі
жылдан бастап конкурстық негізде жүргізілетін болады, оларға 2012 жылы 10 млрд.
теңге бөлу жоспарлануда. Республикада инновациялық қызметті жүйелі қолдау үшін
қажетті заңнамалық негіз бен институционалдық база бар.
Инновация үшін қолдаудың
қаржылық құралдары кеңейтіліп, жаңа салықтық
жеңілдіктер мен жоғары технология саласында шағын және орта кәсіпкерлікті да-
мыту үшін жеңілдіктер енгізілген.
Сонымен қатар, «Инновациялық технологиялар
паркі» құрылуда. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды
кеңейту ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстар бойынша нә-
тижелерді енгізу шығындарынан ұжымдық кіріс салығының 150 пайызы бойынша
салық салу базасын қысқарту жолы арқылы қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: