62
63
Төмендегі сұрақтаға жауап беріңіз.
1. Айтылған ойындарды сіз көрген бе едіңіз? Қай түрін ойнадыңыз?
2. Мобильді қосымшада қазақтың қандай ойын түрлері бар? Сіз өзіңіз қай ойын
түрін жасар едіңіз?
Топтық тапсырма:
Бәріңіз қатар отырып, сақина салу ойынын ойнаңыздар. Бір адам шығып өз да-
йындаған сұрағын білдірмей екінші адамның қолына салу керек. «Атып шық» деген-
де сұрақты алған адам көршісіне ұстатпай жылдам ортаға шығады. Көршісі ұстап
қалса балл соған беріледі. Солай ойынды бірнеше рет қайталайсыздар.
Қызықты дерек
Біреу сізден «Асық деген не?» деп сұраса қалай жауап қайтарар едіңіз. «Қа-
зақтың ұлттық ойыны» дейсіз, иә? Бәріміз де солай жауап береміз. Себебі, қа-
зақтың қай баласы да асықпен ойнаған. Ал анығында, асық тек қазақтың ғана
ұлттық ойыны емес екен. Қиырдағы Африканың балалары да асық ойнап жетіліпті.
Мысыр патшасы Тутанхамон перғауынның өзі асық ойнапты. Б.з.б бұрынғы 1333
жылға тән бұл асық бүгінде Мысырдың Каир мемлекеттік музейінде сақтаулы тұр.
Бұл асықтар (жиынтық қорап) перғауынның қабірін ашқан кезде табылыпты.
Асықтар және басқа да сүйектер жасалған ойыншықтар осы жиынтық қорапшада
сақталыпты. Бұл жай қорапша емес, мысырлықтардың 4 мың жылдық тарихы бар
Senet деген ойыны екен. Ойынның бұл түрі перғауындар заманынан бұрын пайда
болыпты...
(aikyn.kz )
1.
Шахмат және тоғызқұмалақ ойындарына салыстырма жүргізіңіздер.
2. Ұлттық ойын мен қазіргі заман ойын түрлерін салыстырып көріңіздер. Қай
ойын неге үйретеді?
СӨЙЛЕСІМ
Алаштың ардақты ұлы
Мұстафа Өзтүрік – (Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман)
1954 жылдың 23 қарашасында Түркияның Қайсері қала-
сы Мұсаходжалы аулында дүниеге келген. Атағы дүниені
жарған спортшы, актер, таэквондодан қара белбеудің 6
– Дан иегері. Қазақстан Республикасы таэквондо феде-
рациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі
жаттықтырушы...
Қалың қазақтың атамекенге орала бастаған алғашқы
көші легінде 1990 жылы Мұстафада ат басын елге бұрды.
Қазақтан алыста өссе де ана тілінде мүдірместен сөйле-
ген алаш ұлы өзімен бірге елімізге спорттың жаңа бір
лебін ала келді. Келе сала қарап қалмай, өзі бас болып
Қазақстан Республикасы таэквондо федерациясын құр-
ды, Алматыдан өз мектебін ашты. Қазақтың қара дома-
лақтары арасынан Бексейіт Түлкиев, Қабибек Мұхитов,
Қайрат Қырғызбаев, Сұлтанмахмұт Шоқпытов сынды та-
лантты жастарды тәрбилеп шығарды. 1992 жылы Мұстафаның шәкірттері алғаш рет
көк туымызды Туркияда өткен халықаралық турнирде желбіретті, олар жарыс чем-
пиондары Сұлтанмахмұт Шоқпытов және Қайрат Қырғызбаевтар.
1993 жылы қазақ елінің федерациясы Халықаралық таэквондо федерациясының
мүшелігіне қабылданды. Бұл дегені қазақ таэквондошылары үшін әлемдік ареналар-
ға жол ашылғандығы еді. 1995 жылы әскерилер арасындағы әлем біріншілігіне ал-
ғаш рет қатынасқан ұлттық құрама әлемдік денгейде екінші орыннан көрінді.
(https://surak.baribar.kz/539688/)
Достарыңызбен бөлісу: