110
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
Қызығушылықты ояту – бұрынғы білетін және жаңа білімді
ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді,
өзінің
бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы
кезеңге қызмет ететін
«Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта
талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау»
т.б.
деген аттары бар әдістер
(стратегиялар) жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің
белсенділігін арттыру.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі
мағынаны тану
(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен
танысады,
тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін
оқыту
стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу,
тақырыппен танысу барысында
V – «білемін»
,
― - «мен үшін түсініксіз»,
+ - «мен үшін жаңа ақпарат»,
? – «мені таң қалдырады»
белгілерін
қойып отырып оқу
тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге,
ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Мағынаны түсінуді
жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың
бірден-бір кепілі.
Ой-толғаныс
– бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту
үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен
қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған
ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.
Достарыңызбен бөлісу: