құлқайыр гүліндей
құлпырып кетіпті
(Исабеков Д.
«Гауһартас»). «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде «Құлқайыр» «жапырағы
шоқтанып орналасқан, гүлі ақ, алқызыл, қоңыр қызыл, сары түсті
көпжылдық өсімдік» [5, 304 б.].
«Қыз Жібек» жырында автор Жібектің анасының сұлулығын
алдыңғы сипаттаған сұлулардан басым етіп, сән-салтанатын былайша
жеткізеді:
Аға Жүніс перідей
Көркі,
раушандығы
.
Қартайса да ілгері,
Әлгі қыздай салдығы,
Нұрдай болып шайқалып,
Асылдай боп егіліп,
Көшті тартып барады
Жібекті тапқан шешесі
– дейді (Қыз Жібек жыры).
...Бір есер отыр сүйініп,
Есерді қостап жаңағы.
Үкілі қыздай иіліп,
Қиылды
гүлдің
сабағы
... (Мақатаев М. «Сабағы әлсіз сары гүл»),
т.б.
Қазақ танымына сай тілімізде әйелдің сұлулығын көркемдігі мен
ажарына қарап бағалаған, өсімдік бейнесімен сипатталатын мынадай
тіркестер көптеп кездеседі:
сағағынан үзілген, қырмызыдай ажарлы,
алма бетті, пісте мұрынды, белі тал шыбықтай бұралған, қарақат
көз, жас жауқазын сарымсақтай
,
бәйшешек бетті; балғын жүзді;
т.б.
Сол сияқты көркем мәтіндерде де әйел сұлулығы өсімдікке байланысты
айрықша айшықталады:
Келіншек –
жас жауқазын сарымсақтай
,
қыздар да пісіп отыр
қауыншақтай
:
Ақ тамақ,
алма бетті
арулар
жүр, Қыдыртқан
бақалшылар
сабыншақтай
(І. Жансүгіров);
Ойпырмай, жан сәулем Ғалия, қабағың, күндей аппақ тамағың,
қарақаттай
көзіңе құмарлана қарадым
(С. Мұқанов);
Сары ағаш
сазға
біткен секілденіп, Қай жерде отыр екен бұраң белім
(Сегіз сері);
Қазақ танымында әйел сұлулығын
гүлге
, айға, күнге теңегені
тіліміздегі: «Қыз өссе елдің көркі,
гүл
өссе жердің көркі»; «Қыз
халықтың
гүлі,
Өнер сауықтың
гүлі
» сынды мақал-мәтелдерде жиі
кездесіп отырады. «Қыз» ұғымы көркем мәтіндерде, поэзияда
гүл, қайың
моделімен танылады (
қайың, жауқазын, қызғалдақ
):
Достарыңызбен бөлісу: |