56
Мұндай ережелердің алғашқы нұсқасы қолданысқа 1992
жылы енгізілген болатын. Жаңа құжат іс қағаздарын жүргізудің
отандық саласында орын алып отырған қазіргі нақты
жағдайларды есепке ала отырып жасалды. Осы ережелер
негізінде әрбір мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым іс
қағаздарын жүргізу жөніндегі өз ведомстволық нұсқаулықтарын
әзірлеп алады. Бұл ережелерді өз ерекшеліктеріне сәйкестендіре
отырып мемлекеттік емес ұйымдар да қолдануларына болады.
Бірақ бұл ережелер мемлекеттік емес ұйымдар үшін міндетті
болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы да қазіргі
жағдайда айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заң электрондық
цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын электрондық
құжаттар жасау және оларды пайдалану барысында туындайтын
құқықтық қатынастарды реттейді. Осы заңға сәйкес 2004 жылы
Қазақстан Үкіметі Республика мемлекеттік органдарындағы
электрондық құжат айналымының ережелерін бекітті.
ТМД-ның бірқатар елдерінде мұрағат ісі жөніндегі
нормативтік актілер іс қағаздарын жүргізу мәселелерін де
қамтиды. Мәселен, «Беларусь Республикасындағы ұлттық
мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңда меншік
формаларының қандай екеніне қарамастан, барлық ұйымдар
үшін іс қағаздарын жүргізу тәртібін белгілейтін арнайы тарау
енгізілген. Ол тарау «Кәсіпорындарда, мекемелер мен
ұйымдарда іс қағаздарын жүргізу және оны ұйымдастыру» деп
аталады. Қырғыз Республикасының Ұлттық мұрағат қоры
туралы заңында да дәл осыған ұқсас арнайы бап бар.
Іс
қағаздарын
жүргізу
қызметін
ұйымдастырудың
жекелеген элементтері өзге де құжаттарға – қандай да бір
мемлекеттік билік органы регламенттеріне де енгізілуі (іс-
тәжірибеде мұндай да кездесіп тұрады) мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: