Дәріс №1. Геоэкология: геосфералар мен қоғам интеграциясы жайлы ғылымдар жүйесі



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата03.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#156364
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Д ріс №1. Геоэкология геосфералар мен о ам интеграциясы жайлы

топырақ, 
ластануы
дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды 
техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, 
қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың 
ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы 
топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне 
түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі 
тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. 
Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының 
өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға 
бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің 
өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен 
бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен 
жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын 
бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту 
топырақ 
эрозиясының
 пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен 
және 
сумен 
жуылып, 
бұзылуына 
алып 
келеді. 
Эрозия
қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек 
жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд 
гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған. 
Антропогендік әсердің бір салдары - топырақ жамылғысынын қарқынды 
ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, 
радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар 
мен улы химикаттар атқаруда. 
Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары 
жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және 
оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде. 


Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын. Бір тонна 
қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг 
қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары 
бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен 
ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер 
көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады. 
Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар 
темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және 
басқа 
да 
металдармен 
ластанған. 
Көптеген 
жерлерде 
олардың 
концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі. 
Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы 
бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе 
өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі 
мүмкін. 
Топырақтың химиялық құрамына - 
тыңайтқыштар
мен зиянкестерге, арам 
шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл 
шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі 
зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін 
заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы 
химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың 
құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік 
құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі 
көздері мыналар: 

пестицидтер


минералдық тыңайтқыштар


өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары


атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді 
заттар


Мұнай және Мұнай өнімдері

Топыраққа антропогендік әсер ету оның 
деградацияға
ұшырауына (эрозия, 
ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан 
топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек: 

табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау; 

қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін 
дұрыс ұйымдастыру; 

топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу 
тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу; 

зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау; 



қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір 
түрлерінің қолданылуын шектеу; 

ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен 
күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану 
және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет