Дәріс №1. Геоэкология: геосфералар мен қоғам интеграциясы жайлы ғылымдар жүйесі


Дәріс №13. Геоэкологиялық мониторингін жүргізудің негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата03.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#156364
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Д ріс №1. Геоэкология геосфералар мен о ам интеграциясы жайлы

Дәріс №13. Геоэкологиялық мониторингін жүргізудің негізгі бағыттары 
2 сағат
1.
Мониторинг бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары
2.
Жер мониторингі міндеттері 
Мониторинг бойынша жұмыстар келесі негізгі бағыттар бойынша 
жүргізіледі. 
а) ғылыми-әдістемелік 
ә) әдістемелік-қолданбалы 
б) қолданбалы 


в) ақпараттық-техникалық. 

Ғылыми-әдістемелік 
бағытқа
стационарлық 
және 
жартылай 
стационарлық экологиялық алаңдарда топырақ және азықтық алқаптардығы 
өсімдіктер карталарын жасау және топырақты бонитерлеу үшін 
методикалық-қолданбалы, қолданбалы, ақпараттық-техникалық жұмыстарды 
қамтамасыз ететін топырақ пен өсімдіктерді зерттеу кіреді. 
Әдістемелік-қолданбалы бағыт
мыналарды қамтиды: 
топырақ және геоботаникалық зерттеу мен ізденістердің алғашқы 
материалдарын талдап қорытындылау және жүйеге келтіру; 
азық алқаптарының топырақтары мен өсімдіктерін топтастыруды әзірлеу; 
азық алқаптары мен басқа да жерлерді сапалық, экономикалық, экологиялық 
т.б. бағалау түрлерінің әдістемелік тәсілдерін әзірлеу; 
Қолданбалы бағытқа
мыналар кіреді: 
картографиялық материалдарды қайта тексеру мен дұрыстау және жер 
пайдаланушыларға жердің сапасын, ауданын күйін көрсетіп тиісті 
карталарды беру; 
геоботаникалық және топырақ зерттеулері мен ізденістердің материалдарын 
талдау; 
әрі қарай бақылау үшін аймақтық және облыстық карталарды құрастыру; 
жер қорын тиімді пайдалану жайлы ұсыныстар беру үшін жердің күйі мен 
сапасының өзгеруін бақылау нәтижелері бойынша жер кадастрын нақты 
мәліметтермен ақпараттық қамтамасыздандыру; 
жерді орынсыз пайдаланғаны үшін жазалау шараларын қолдану бойынша 
түрлі органдарға ұсыныстарды әзірлеу және беру; 
Ақпараттық-техникалық бағыты:
мониторингтің автоматтандырылған базасын құру
бағдарламаларды әзірлеу; 
ақпаратты қабылдау, талдау және оны сақтау мақсатында ҚР-ғы жер 
мониторингі бойынша мәліметтерді өңдеу және жүйеге келтіру. 
Сонымен қорыта келгенде, мемлекеттік жер мониторингі – жер күйінің 
өзгеруін уақытымен анықтау мақсатында, жер күйін бақылау, осы 


өзгерістерді болжау, бағалау және кері процестердін алдын алу, жою 
жайында ұсыныстарды әзірлеу, жер кадастрын жүргізу мен жерді 
пайдаланудың мемлекеттік бақылау және қорғауды жер ресурстарын 
мемлекеттік басқарудың сонымен қатар, азаматтарды қорщаған орта оның 
ішінде жердің күйі жайында ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. 
Жер мониторингі жер ресурстарын басқарудың жалпы жүйесіне кіреді. Бұл 
жүйе келесі бір-бірімен байланысты блоктарды қамтиды: жерге орналастыру, 
жер кадастры, ізденістер, мониторинг, геоақпараттық-техникалық блогы. 
Жер мониторингiнiң мiндеттерi: жердiң жай-күйiнiң өзгерiстерiн уақтылы 
анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және керi әсерi бар процестердi 
болдырмау мен зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; мемлекеттiк 
жер кадастрын жүргiзудi, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен 
қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттiк басқарудың өзге де 
функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. 
Жер мониторингiнiң жердiң санаттарына сәйкес келетiн iшкi жүйелерi 
болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергiлiктi 
жер мониторингi жүзеге асырылады. 
Жердi жүйелi түрде бақылаудың, суретке түсiрудiң, зерттеудiң, түгендеудiң 
нәтижелерi, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылаудың 
материалдары, мұрағаттық деректер, жердiң сапалық жай-күйi туралы басқа 
да мәлiметтер жер мониторингi үшiн ақпарат көздерi болып табылады. Жер 
мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi 
орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жер мониторингi бойынша 
мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды iске асыру Қазақстан 
Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келiсiмдерi мен 
шарттарында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. 
Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану тәртiбiн 
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Жер мониторингiн 
жүргiзу кезiнде қажетті ақпаратты алу үшiн қашықтықтан зерделеу, жер 
бетiн суретке түсiру және бақылау әдiстерi, сондай-ақ қор деректерi 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет