«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
25
Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін
меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды
түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап
өтсек: сабақ
құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс -
әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы
ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары,
парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға
қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман
болуы шарт.Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын
оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-
түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге
келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі
Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысында ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр
түрлі кезеңінде қолдануға болады.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту,
оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл
стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға
бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни
оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін,
әрбір
ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни
қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. СТО жобасы
мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден – бір
әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын
арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген
жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты
жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен
оған дейінгі білімдерін салыстырады.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет .
Жаңалықты меңгеру мен іске асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әр
түрлі кедергі жасайтындығы белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың
бірі сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
26
Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның
тиімді әдіс- тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:
- дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;
- оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;
- пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсендігі артып, жан- жақты
талдауға, өз ойын ашық айтуға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен
жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегіміз деп түсінуіміз керек.
Сын тұрғысынан ойлау- бұл кез- келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу,
бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни
тұрғыдан дамыту.Сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының
стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін
айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік
туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп
келеді.
Мұғалім бұл жүйемен
жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып
жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан- жақты зерттей отырып, өз
сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе жаңа жүйенің құны
болмайды.
ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған
кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың
нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында балалардың шығармашылық
бастамасы басты нысанасы болып отыр. Баланың шығармашылық бастамасын
дамытудың
жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика
ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы
мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ
ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз
еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп
отырған.
Достарыңызбен бөлісу: