«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
10
ата-анасының қарауынсыз қалуына байланысты немесе психикалық дамуында
ауытқу болуы мүмкін.
Көптеген ұстаздар «Үлгермеуші оқушылармен қандай жұмыс ұйымдастыруға
болады?» деген сұрақ қоя отырып, жоспар құрады. Соның ішінде мен де өзіме
жоспар құрдым:
Оқу жылында үлгерімі төмен оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс кестесін
құру;
Оқушыға жеке папка арнау;
Қосымша сабақтарға арналған дәптерлер бастату;
Білім кетіктерін жоюға арналған тапсырмалар (карточка, тірек –үлгілер, ре-
бус, сөзжұмбақтар);
Ата-анасымен үнемі байланыста болу, бірігіп жол іздеу;
Психолог, дәрігерлер, логопедтердің кеңесіне жүгінуге ата анасына кеңес
беру.
Жас ерекшеліктеріне сай дүниетанымы, қабылдауы мен зейіні тұрақталмаған,
үлгерімі төмен оқушыға оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін
алдымен жұмыс жүйесін ойластыра келіп, белгілі бір ережеге сүйенген дұрыс:
Үлгерімі төмен оқушыларға бірден жағдаятты сұрақ қойып, бірден тез жау-
абын талап етуге болмайды.
Ойлануы мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру.
Жауабын жазбаша жазғаны жақсы. Үлгерімі төмен оқушының сөздік қоры
таяз болғандықтан оның ауызекі сөйлеуі дамуында қиындықтар туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: