Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
Өмір – шексіз қайғы-қасірет сызығы, бірақ ауыртпалық – өзіңмен жұмыс істеудің
басты себебі. Бізде ауыртпалық жоқ кезде өтірік:
«Менде барлығы жақсы»
деп айта
аламыз. Ал жағымсыз уақиға орын алғанда, мысалы, жалғыздық немесе үрей, біз осал
екенімізді көрсетеміз. Сонда бетпердемізді шешеміз. Ауыртпалық бізді шынайы және
байсалды етеді. Бізді тағдыр түйістіретін адамдар - біздің ұстаздар. Олар кейде адам
төзгісіз болады. Сондай кездесулер арқылы өмір бізді тәрбиелейді. Ашулануды қойыңыз,
адамдарға өздерін кәдімгідей ұстауына мүмкіндік беріңіз, сонда мәселе шешіледі!
Қадамнан қадамға
Өмірді баспалдақпен салыстыруға болады. Келесі сатыға көтерілу үшін қазір
тұрған сатыны ұмытпау керекпіз. Бұл жұмыс, ақша, өзге адамдармен қарым-қатынасты да
білдіреді. Әр кез орнымыздан жылжи алмағанда:
«Мен әлі не нәрсені түземедім?»
- деп
сұрау керек.
Бізді ертең не күтеді?
Тағы бір сабақ, айналаңызға көз жүгіртіңіз: ол сіздің дәл касыңызда шығар! Жиі біз
қандай мәселелерді шешу керектігін білеміз, алайда жүрегіміздің түбінде ол өз-өзінен
ғайып болады деп сенеміз. Әлемнің жақсы көретін, ерекше бөліп қойған адамы
жоқ. Бақыт пен табыс әлем жасаған заңдарға ғана байланысты емес, оны қалай
қолданатыныңызға да байланысты.
Әмбебеп заңдар
Бұрындары рухани мұғалімдер өздерінің жазбаларында дәнді егу, суғару, жыл
маусымдары, өнім және балық туралы көп айтатын, өйткені сол кездегі көпшілік адамдар
ауыл шалуашылығымен және балық аулаумен айналысатын. Алайда белгілі
салыстырулардың мағынасы терең. Қазіргі замандағы адамдар, оның ата-бабаларына
қарағанда басқаша жағдайларда өмір сүреді. Дегенмен табиғат заңдары барлығына бірдей.
Олар малшыға да, бағдарламашыға да қолданылады.
Астық заңы
Астық заңынан бастайық, ол былай айтылады:
"Өнім сіздің еңбегіңіздің жемісі".
Сіз жерді өңдеп, отырғызған өнімді суғарасыз, біраз уақыт өткен соң жемісін көресіз.
Достарыңызбен бөлісу: