Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
өтеміз. Сосын барып институтқа түсеміз. Бұл өте тиімді жүйе, оның қағидасы мынадай:
«Сіз жақсы ойын көрсеткен сайын, ол ойын ірілене береді».
Дэн әрең-әрең машинаға әр ай сайынғы төлемін жасайды.
Жиырма жыл жұмыс
істеп, ол тек сексен жеті цент жинапты. Оның айтуынша:
«Менде миллион бакс болса, мен
ол ақшаны тиісті жұмсай алар едім!»
Дұрыс емес! Оның бүгінгі мақсаты – он долларды
сақтау. Одан жүз және мың доллар келеді... арты миллионға дейін алыс емес.
Кенди болса барда ән салатын әнші. Жұлдыз болуды армандайды. Ол айтады:
«Маған мың адамдық аудиторияны берсе, нағыз шоудың не екенін көрсетер едім. Ал
мұнда алты бақытсыз адамдардың алдында ән салғанды қаламаймын!»
Алайда Кенди
осы
алты адам алдында, ұят үшін жұмыс істеп шыға алса, ертең олардын саны он екі,
кейін жүз, бір күндері мың адамдық та аудиторияны жинап алады.
Өмір үдемелі түрде алға жылжиды. Біздің алдымызда бірдей сұрақ тұрады. «БАР
НӘРСЕҢІЗДІҢ ҚАНША ПАЙЫЗЫН ҚОЛДАНАСЫЗ?» «көп емес»
деген жауап жақын
болашақта еш нәрсе жақсы жаққа өзгермейді дегенді білдіреді. Өмір ешқандай
сылтауларды қабылдамайды, ол тек еңбекті ғана марапаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: