Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет26/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
 
 
 
Дарын
Нақты ой біткен шекарада шахмат данышпаны басталады.


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
Борис Демчинский
Қабілеттілік 
Өмірде әрбір адамға сәттілік серік болмайды. Бірақ адам уақытында болашақ 
мамандығын, әуестігін танып білсе, көп нәрсеге жете алады. Жылдар өткен сайын өз 
қабілетімізді сынан өткізгенді жақтырмаймыз, ал жаңа дарынды табу үшін ол міндетті 
түрде керек. Тәжирибе жүргізу және өз мүмкіндіктеріңізді кеңейтуден қорықпаңыз. 
Тәжірибе адам өміріндегі маңызды іс, өйткені кез-келген қызмет түрі табиғи қасиеттердің 
бірқатар жиынтығы бар болуын болжайды. Менеджмент болсын, әскери іс болсын, ғылым 
немесе саясат – әр кез қажетті қасиеттер және дағдылар жүйе жиынтығын анықтауға 
болады. Табиғи қасиеттің ең маңыздылары – есте сақтау және қиялдау. 
Есте сақтау және дарын
Ми уақыт бойынша жаңа ғана болған және бұрын болған естеліктерді әр түрлі 
«ұяшықтарда» сақтайды. Шахматшы жақсы есте сақтау қабілетінің иесі болуы керек. 
Алайда не нәрсені есінде жақсы сақтаған жөн, оны білу қиын. Ойынның суретін бе? 
Нұсқаларды ма? Тақтайшадағы позициялардың ойша бейнесін бе? Дұрыс жауап – 
«жоғарыда аталғандардың барлығы» бір уақытта. Чемпиондардың жетістігі өз ісін сын 
көзбен қадағалай алуында. Егер сіз офиста жұмыс істесеңіз, өзін-өзі сараптамадан 
өткізудің басымдығы аз. Тіпті, жетекшілік ететін қызметтермен айналысатын адамдар 
тағы бір өткен күнді қанағат етеді. Олардың көпшілігі, жұмыс аяқталғаннан соң дем алып, 
босаңсу керек, өз-өзіңді тексерудің қажеті жоқ дейді. Алайда, олар ертеңгі күн үшін 
қандай ғибрат алуды ойласа, олардың өмірі әлдеқайда толыққанды болушы еді. 
Қиял әдет сияқты 
Қиял – шам емес, батырманы басу арқылы өшіріп, не қоса алмаймыз. Қиял әдетке 
айналлу үшін оны мараптаттап отыру қажет. Өз шабытына үндеуді әр кім, әр қалай жүзеге 
асырады. Шыны керек, кейде мен де әдеттерімнің құлымын. Олардан құтылу үшін талай 
күшімді сарп етемін. Қиялға қосымша қуат беретін шешімдер, бәсекелесті есеңгіретіп, 
оны қателік істеуге итермелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет