Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012


Жүйелілік икемділікті шығарып тастамайды



Pdf көрінісі
бет23/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Жүйелілік икемділікті шығарып тастамайды
Негізгі және аралық мақсаттарды орнықтыру – табысқа жетудегі алғашқы қадам. 
Сосын бағытты белгілеп, негізгі мақсатты көзден таса етпей, осы беталысты ұстап отыру 
шарт. Сіздің бәсекелесіңіз жағдайды ушықтырғанда, әдепсіз шабуылы үшін шақыруын 
қабылдағыңыз келеді. Бірақ ол дәл осыны күтеді, сондықтан олай етуге болмайды! Егер 
сіз нақты стратегияңызды таңдап алсаңыз, одан бас тартып не істейсіз? Әрине, бұл жерде 
салқынқандылық пен шыдам керек. Алайда осы салқынқандылық пен шыдамдылық 
стратегиялық ойлаудың икемділігін шығарып тастамайды. Сіз жеңіске жеткен кезде
таңдалған жоспарды ұстану оп-оңай сияқты көрінеді. Ал шын мәнінде, бұл оңай шаруа 
емес. Масаттануға түсіп, өзін-өзі бақылауының жоғалғаны оңай шығар. Егер сіздің 
эмоцияңыз стратегиялық жоспарға әсер етсе, онда ұзақ уақыттық жеңіс мүмкін емес 
болып табылады.
Өзгенің алаңында күресе біліңіздер 
Қажет кезде ойынның стилін өзгерту қабілеттілігі жоқ болса онда әлем чемпионы 
болу мүмкін емес. Күрестен жалтарып, бөтен жерде шайқасуға тура келеді. Жаңа жерге 
тез бейімделу, табысқа жету үшін өте маңызды. Қарсыласты әбігерге салу мақсатында, 
өзіңіздің стиліңізді өзгертуіңізге болады, бірақ ол кезде «аңшының» өз қақпанына түсіп 
қалу қаупі тұрады. 
Стратегияның жиі ауысу, оның жоқтығымен пара-пар 
Қандай да бір өзгерістерді қабылдау үшін олардың мақсаттылығын анықтау жөн. 
Жеңіліс – сізді қажет емес нәрселерді өзгертуге алып келуі мүмкін, ал жеңіс – сіз, тіпті, 
қиын жағдайда тұрсаңыз да, бәрі жақсы екеніндігіне нандырады. Жеңіс кезінде жағдайды 
жеңіліске қарағанда егжей-тегжей қарастырмайды. Оны сәттілікке емес, жеке бастың 
артықшылығына балайды. Бірақ шектен тыс өзін-өзіне сенушілік қателіктер тудырады. 
Егер сіз стратегияңызды қате немесе құртатын санап, әрбір жеңіліс сайын ауыстырсаңыз, 
онда сіздің стратегияңыздың жоқ болғаны. Өзгерістерді жағдайдың үшығуы кезінде 
енгізуге болады. Кез-келген жоспар жүйелі және икемді болуы шарт. Стратег өзінің 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
стратегиясына толық сеніп, онымен бірге бет алуы керек. Қажет кезде ғана өзгертуді 
енгізуіне болады. Бұндай өзгерістерді жете ойлап, берік түрде жүзеге асыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет