Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет24/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Стратегия және тактика 
Тактика - бір нәрсе істеуге мүмкіндік болғанда, не істеу керектігін білу.
Стратегия – бір нәрсе істеуге мүмкіндік жоқ болғанда, не істеу керектігін білу.
Савелий Тартаковер
Қозғалыста болу 
Дұрыс қадам басу үшін не нәрсеге талпынатынымызды білу қажет. Шахматтағы 
мақсат өте анық: дұшпан короліне мат қою. Осыған талпыну барысында ойынның 
стратегия мен тактикасын анықтап, жоспар құрамыз. Стратегиялық жоспар құру кезінде 
тактикалық мүмкіндіктерді қолданамыз. Бірақ стратегия мен тактика сөздері синоним 
емес. Егер стратегия абстрактілі және қашық мақсаттарда негізделсе, тактика анық және 
мезеттік, тиімді шешімдерді іздеуге негізделеді. Тактика – қауіп-қатердің бағасына және 
олардан қорғануға байланысты. Тактикалық мүмкіндік сізді кез-келген уақытта құтқара 
алады. Сіздің бәсекелесіңіз мүлт кеткен кезде, аяқ-астынан ұтатын тактика пайда болып, 
ол мақсаттың жетуіне қызмет етеді. Футболда да солай: айла-тұзақ, түрлі амалдар құра 
алатын, тәжірибелі ойыншы қарсылас қақпашысының сырғып кеткенін көріп, бос қақпаға 
соққы жасайды. Бұл нағыз тактикалық шешім. Стратегия тактиканы бағыттау керек. Біз 
тәжірибемізге және сараптамамызға сүйене келе, шешім қабылдаймыз. Сондықтан осы 
үдерісті нақтылап, оны жетілдіру керек. Дегенмен, кездейсоқ тактикалық операциялар 
стратегиялық мақсатты шет жаққа шығарып тастамауын қадағалау жөн.
Сонымен, стратегия мақсатқа жетуге арналса, онда тактика... осы стратегияны 
жүзеге асыруға бағытталады. Нақты және аралық мақсаттар бар болғанда, олардың 
шешімі үшін тактикалық әдістерді қолдануға болады. Оны жиі істеген сайын қолымыздан 
жақсы келеді: біздің стратегиялық мақсаттарымыз тактикалық ойлауға қосылып кетеді, 
әсерлер жылдамырақ болып, сонымен бірге нақтылана түседі. Ал табысқа жету үшін 
жылдамдық маңызды нәрсе. 
Цейтноттың өте қиын шеңбері 
Стратегтің қас жауы – сағат тілі. Уақыттың жетіспеушілігі – шахматта бұл цейтнот 
деп аталады – бізді таза рефлексте тұрғызылған тактикалық ойынға лақтырады. 
Позицияның нақты есебіне және бағалауына уақыт жетіспеген кезде біздің стратегиялық 
елесіміз эмоция және түйсікпен тұманданады. Бұл жерде жетілген интуиция да көмектесе 
алмай қалуы мүмкін. 
Пабло Пикассоның қатты айтқан сөздері бар еді: 
«компьютерлер пайдасыз нәрсе, өйткені 
олар тек жауап қайтарады».
Негізгі мағынаға ие болу үшін мағыналы сұрақтар қою 
керек! Дұрыс сұрақтарды іздеу және тұжырымдау – сіздің стратегияңыздың орындалуына 
кепілдік болатын табыс. Ақпараттың тасқыны сіздің стратегиялық елесіңізді сандармен, 
майда-шүйделермен, есеппен, сараптамамен жуып салады. Нағыз тактикашы болуды 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
қаласаңыз өзіңіздің арсеналыңызда, бір жағынан, стратегиялық көру, екінші жағынан – 
аналитикалық ойлау болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет