Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012


II БӨЛІМ  1 cабақ. Байлар ақшаға жұмыс істемейді



Pdf көрінісі
бет60/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
II БӨЛІМ 
1 cабақ. Байлар ақшаға жұмыс істемейді 
«Әке, қалай бай адамға айналуға болады?
». Әкем газетттен басын алып: 
«Балам, неге оны 
сұрадың?»
, - деді. Мектептегі балалардың барлығы Майк екеумізбен араласқысы 
келмейді, 
«сендер кедейсіңдер!»
дегенді қайталай береді. 
«Ал, балам, егер бай болғың 
келсе, онда ақша табудың жолын үйрен»

«Ал мен қалай ақша табамын?»
, - деп мен 
сұрағанымда әкем: 
«Өзіңнің басыңмен ойлан»
, - деді де қоя салды.
Келесі күні Майкке әкемнің айтқанын айтып бердім, біз Майк екеуміз осы 
мектептегі жалғыз кедейлер едік. Біз қатты жарлы болмасақ та, басқа балалар сияқты жаңа 
велосипед, жаңа бейсболды қолбақтарға, барлық жаңа нәрсеге қол жеткізе алмадық. Әке-
шешеміз тамақ, киіммен қамтамасыз етті. Менің әкем әдетте: 
«Бірдеңені қаласаң, сол үшін 
жұмыс істе»
дегенді қайталайтын. Ақыры мен Майкке әріптес болуды ұсындым, ол 
келісім берді, менің алғашқы бизнес әріптесіме айналды. Бай сыныптастарымызды еске 
түсіретінбіз, жүрегіміз ауырса да, оның бір пайдасы болатын, яғни жаңа ой

жаңа 
мотивация беретін. Алғашқы бизнес жоспарымыз құрдымға кеткен кезде, менің әкем 
күлімдеп, бай болғыларың келсе, Майктың әкесінен сұраңдар деді. Ол кейін ең бай адамға 
айналмақ. Майктың әкесі бізге ақшаны қалай табудың жолын үйретемін деп уәде 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
берді. 
«Тек маған жұмыс істейсіңдер, сонда ғана үйрете аламын. Мен мектептің жүйесі 
сияқты көп сөйлеп, көп оқытпаймын, мен тәжірибеде көрсетемін»
, - деді Майктың әкесі. 
Басында еш нәрсені түсінбедік, бізді қанап, қинап жұмыс істетіп жатыр, өтірікші деумен 
болдым. Майктың әкесі: 
«Егер сен өмірдің сабақтарын үйрене алсаң, тек ұтумен 
боласың. Үйрене алмасаң, өмір сені итерумен болады. Адамдар екі нәрсе істейді. Бірі тек 
өмірдің тепкісін қабылдайды, келесі бірі ренжіп, итерсе, итеруге көшеді. Бірақ олар 
өзінің бастығына, жұмысына, жарына соққыны қайтарады. Оларды өмір итеретіндігін 
білмейді. Егер өмірдің соққысына шыдай алмасаң, сен осал адамсың. Мені өзіңнің 
мәселелерің үшін айыптама! Мәселе менде емес, сенде!»
Менің бай әкем, яғни Майктың 
әкесі, болашақ Гаваядағы ең бай адамның №1 сабағын ойға түйдім: 
«Кедейлер, орта 
таптағы адамдар ақша үшін жұмыс істейді». «Байлар ақшаны өзіне жұмыс істетеді».
Менің бай әкем №1 сабақты жалғастыра келе: 
«Сағатына 10 цент үшін жұмыс 
істегенің үшін ашуланғаның дұрыс, оны қанағат еткеніңде мен сенімен жұмыс 
істемеуші едім. Түсінесің бе, шынайы оқып-үйренгің келсе, күш-жігер, қайраттылық, 
асқан ынта болу керек. Ашу – бұл формуланың бір түрі, ашу махаббатпен бірігіп 
құштарлықты оятады. Мәселе ақшаға келгенде, адамдар қауіпсіздікті ойлайды, бұл 
құштарлықтан емес, үрейден туындайды. Төленуі тиіс шоттардан шошып ояну өмір 
емес. Жұмыс өзіңе қауіпсіздік сезімін ұялатады деген – өз-өзіңді алдау. Ақша адамдармен 
қалай басшылық ететінін көргенмін, ол қақпанға түспеңдер, керісінше сендер ақшаға 
басшылық етіңдер»
. Адамдардың эмоцияға беріліп және айқын ойлаудың арасындағы 
айырмашылықты анықтай алу керек. Бұл өмір бойы керек болатын сабақ. Бай әке Майк 
екеумізге: 
«Миларыңды іске қосып, тегін жұмыс істеңдер, сонда сендер мен төлегеннен 
де үлкен қаражат табудың жолын табасыңдар. Басқалар көре алмайтын нәрселерді 
көресіңдер. Мүмкіндік деген көздің алдында тұрады емес пе? Бір мүмкіндікті көргеннен 
соң, өмір бойы бірінен соң бірін көре бастайсыңдар. Ақша сендерге жұмыс істейді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет