12
шаймалау
жатады. Бұл жағдайда сұйық орта судан басқа этанол,
глицерин, майлар және басқа да сұйықтар бола алады.
Сұйық дәрілік үлгілердің
ішінде концентрацияға және
мӛлшерлеу әдісіне қарай ішке және сыртқа қабылданатын
тамшылар (guttae) қолданылатын үлгілер ерекше орын алады.
Оларды дайындау технологиясы қарапайым сатылардан –
араластыру мен ерітуден тұрады. Үлкен ӛндірістік
жағдайда бұл
сатылар араластырғыштары бар және қажет болса (глицерин және
майлар), ысытуға арналған қондырғыларда жүзеге асырылады.
Сүзу кӛбінесе, қысым астында (сүзгіш-пресстер) жүргізіледі.
Дайын ерітінділер жекелеген кішігірім ампулаларға (50 мл-ге
дейін) бӛлінеді.
Ерітінділер мен тамшылар белгілі
әдістемелерге сәйкес
дайындалады.
Сұйық дәрілік үлгілердің дисперсті жүйелердің түріне
байланысты жіктелуі
Жүйенің
сипаттамасы
Дисперсті
фаза
Дисперсті
фазадағы
бӛлшектердің
ӛлшемі
Дәрілік
үлгілердің
мысалдары
Тӛмен
молекулалы
қосылыстардың
шын ерітінділері
Иондар,
молекулалар
1 нм
Глюкоза,
натрий
хлориді,
магний
сульфаты
ерітініділері
Жоғары
молекулалы
қосылыстардың
шын ерітінділері
Молекулалар 1-100 нм
Пепсин,
желатин
ерітініділері
Коллоидты
ерітініділер
Мицеллалар
1-100 нм
Колларгол,
протаргол
ерітінділері
Суспензиялар
Қатты
заттардың
бӛлшектері
0,1-50 мкм
Күкірт,
магний оксиді
суспензиялары