7
Дәрілік препараттарды сілекейлі беттерге жанастыру әдісі
кең қолданылады, бұл – кӛзге, мұрынға, құлаққа енгізілетін,
сонымен қатар, уретралды және вагиналды дәрілік үлгілер.
Парентералды енгізу жолдарының ішінде ингаляциялы әдіс
ерекше орын алады. Бұл әдіс дәрілік заттарды дем алу жолдары
арқылы газдарды (оттегі, азот, аммиак), оңай ұшатын сұйықтарды
(эфир, хлороформ) енгізуде маңызы зор. Нашар ұшқыш
сұйықтарды ингаляторлардың кӛмегімен енгізуге болады.
Парентералды дәрілік үлгілерге сонымен қатар, ағзаға
қантамыр арқылы енгізілетін инъекциялы дәрілік үлгілер
жатқызылады. Бұл жағдайда дәрілік заттар қанға тез сіңіп, 1-2
минуттың ішінде әсер етеді. Инъекциялы дәрілік үлгілер жедел
кӛмек керек болған жағдайда, науқас ессіз болған жағдайда
немесе енгізілетін дәрілік зат ас қорыту жүйесінде бұзылатын
болған пайдалануға ӛте ыңғайлы.
Инъекциялы түрде енгізілетін дәрілік үлгілерге ерекше
талаптар қойылады (стерилді болу, апирогенді болу, механикалық
қоспалардың болмауы, т.б.).
Негізгі әдебиеттер: (1-6).
Қосымша: (7-13).
Достарыңызбен бөлісу: