4
Жоғарыда айтылғаннан пайдаланылатын дәрілік препараттар
мен бастапқы заттардың сапасы, дәрілік заттар мен галенді
препараттарды дайындау әдістері мен технологиясы белгілі бір
нормаларға сәйкес жүргізілу керектігі айқын. Мұндай нормалау
фармакопея деп аталатын ресми нұсқаулық құжаттың кӛмегімен
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік фармакопея
«Фармакопея» ұғымы гректің pharmacon — дәрі, у және poeio
— істеу деген сӛздерінен пайда болған. Ол алғаш рет 1546 ж.
Лион қаласында шыққан «Pharmacopoea Lugdunensis» шығармада
пайдаланылған.
Мемлекеттік фармакопея — қазіргі кездегі медицинада
қолданылатын маңызды дәрілік заттар, дәрілік препараттар мен
дәрілік
үлгілердің
сапасын
нормалайтын
міндетті,
жалпымемлекеттік стандарттары мен ережелер жиынтығы.
Стандарт сӛзі ағылшынның норма, үлгі деген сӛздерінен
шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: