1.2.7. Ас тұзын талдау Ас тұзы басқа тұздардың өте аз қоспасы бар табиғи натрий хлориді. Ол
суда жақсы ериді, 2
0
0
С кезінде судың 100 бөлігінде ас тұзының 35,6 бөлігі
ериді.
Температураның жоғарылауымен оның ерігіштігі жоғарылайды, бірақ
өте аз. Спиртте жəне көптеген органикалық еріткіштерде тұз ерімейді.
Таза
натрий хлориді ылғал тартқыш
емес, онда кальций жəне магний
хлоридтерінің болуы салдарынан ас тұзы
ылғал сіңіргіш болып келеді
.
Тұздың дəмін, түсі жəне иісін анықтау Органолептикалық көрсеткіштері бойынша Экстра жəне жоғары
сұрыпты
тұздың түсі
ақ, ал І жəне ІІ сұрыпты тұздың түсі
–
сұр, көгілдір
жəне сарғыш түсті болуы мүмкін. Тұздың иісі таза фарфор ыдысында 20г
ұнтақтағаннан соң
анықталады. Жылдың суық мезгілінде тұзды сүрту
алдында 20
0
С температурада 10
-
15 минут жабық ыдыста ұстайды. Тұздың
иісі болмауы тиіс.
Дəмді анықтау үшін 15
-25
0
С температурасы бар
тазартылған суда 5% тұз ерітіндісін дайындайды. Тұзда көзге көрінетіндей
бөтен қоспалар болмауы тиіс
.
Лакмус бойынша тұз реакциясын анықтау Салмағы 5г тұз үлгісін 15см
3
тазартылған суға ерітіп, қызыл, көк
лакмус қағаздарын ерітіндіге түсіреді, олардың бояуының өзгеруін бақылай
отырып, ерітіндінің реакциясын: лакмус бойынша қышқыл, лакмус бойынша
бейтарап, лакмус бойынша əлсіз қышқылды, лакмус бойынша сілтілі немесе
лакмус бойынша əлсіз сілтілі
анықтайды. Лакмус бойынша əлсіз қышқыл
немесе əлсіз сілтілі реакциясы бар тұз стандарттың талаптарына сəйкес деп
саналады
[3].
Бақылау сұрақтары: 1)
Жұмыртқа сапасын анықтау əдістері
2)
Жұмыртқа өнімдерінің органолептикалық көрсеткіштері
3)
Тамақ кəсіпорнындағы судың маңызы
4)
Суды талдау əдістері
5)
Ас тұзын талдау əдістері