Практикум 1219000 «Нан пісіру, макарон жəне кондитерлік өндірісі»



Pdf көрінісі
бет91/154
Дата08.11.2022
өлшемі4,42 Mb.
#157168
түріПрактикум
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   154
Байланысты:
3 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық практикум

 
 
1.7. 
Нормативті 

техникалық құжаттамалар
 
Нан пісіру кəсіпорындарының зертханалары жүргізетін технологиялық
-
химиялық бақылау нəтижелері белгіленген нысан бойынша зертханалық 
журналдарда тіркеледі. Зертханалық журналдардың бекітілген нысандары 
өндірістік зертханалары бар макарон өнеркəсібінің барлық кəсіпорындарына 
таралады. Журналдардың бағандары зертхана туралы ережеде айқындалған 
жұмыс көлеміне сəйкес толық немесе ішінара толтырылады

Барлық деректер сиямен анық жəне түзетусіз жазылады. Журналға 
жазылған əрбір талдаудың нəтижелеріне талдау жасаған тұлғаның
қол қоюы, 
зертхана меңгерушісі
тексеріп, қол қоюы тиіс. Журналдарда мəтіндік бөлікте 
де, сандық деректерді
өшіруге болмайды. Журналдардағы түзетулер дұрыс 
емес мəтінді немесе сандық деректерді сызып тастау жолымен жүргізіледі 
жəне түзетулер енгізген адамның қолымен расталады. Зертханалық 
журналдарды сақтау мерзімі 2 жыл.
Зертханаға түсетін жəне жұмыс
үдерісінде
пайдаланылатын жəне 
жарамсыз болып қалған барлық материалдық құндылықтарды
арнайы 
журналда тіркеледі. Мұндай есеп ай сайын жүргізіледі. Цехтарға берілген 
зертханалық ыдыстың есебі (термометрлер, ареометрлер, фарфор 
тостағандары, күпшектер) ауысым сайын арнайы журналдарда жүргізіледі. 
Сынған ыдысқа, термометрлер, ареометрлер жəне басқа да шыны заттар мен 


72
аспаптар əрбір жеке жағдайда зертхана меңгерушісінің, ауысым бастығының 
немесе
бригадирдің қатысуымен дереу акт жасалады. Акт есептен шығаруға 
негіз болады

Реактивтерді осы үшін арнайы бөлінген жабылатын шкафтарда 
сақтау керек, олардың кілттері реактивтер үшін жауапты адамда болады. 
Зертхана қызметкерлеріне реактивтер беруді оларға
жауапты тұлға жүргізеді. 
Реактивтердің саны талдау жүргізу жəне жұмыс ерітінділерін дайындау үшін 
шын мəнінде қажетті шығыстарға сəйкес келуі тиіс. Реактивтердің кірісі мен 
шығысын есепке алуды оларға жауапты тұлға
арнайы журналда жүргізеді
[5]. 
Кесте 1.3
2. 
Реактивті кіріс пен шығыс есебінің журнал
Реактивте
р 
Кіріс
Шығыс
Күні 
Құжат 
бойынша
Саны
Ескерту 
Күні 
Құжат 
бойын
ша
Саны
Ескер
ту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет