Әл фараби атындағЫ Қазақ


Нағыз жұмыр құрттар класы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата10.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#157547
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зоология СРС

Нағыз жұмыр құрттар класы
Аденофореа
Сецернентиа
Аscaridida
Rhabditida
Spirurida


Адам
аскаридасы
Ascaridida отряды. Адамның және
сүтқоректілердің ішегінде паразиттi тiршiлiк
ететiн турлер жатады. Негізгі өкілі - адам
аскаридасы. Туғызатын ауруы - аскаридоз.
Адам аскаридасы дүниежузiнде кең таралған
және ең зиянды құрттардың біріне жатады.
Аналығынын ұзындығы 20-40 см, аталығының
15-25 см. Ересек түрлерi адамнын ащы
ішегінде паразиттiк тiршiлiк етедi. Ұрықтанған
жұмыртқалар нәжiс арқылы ішектен сыртқа
шығып, суға, топыраққа түседi.
Жұмырткалары тығыз қабықшамен
қапталғандықтан ортаның әртүрлi қолайсыз
жағдайларына өте берік, төзiмдi келедi.


Құрылысы
А - аналық:
Ә - аталық: 
1 - ауыз тесігі;
2 - нерв түйіні; 
3 - жұтқыншақ;
4 - фагоцитарлы клетка; 
5 - «өңеш»;
6 - ортанғы ішек; 
7 - бүйір гиподерма валикі; 
8 - жумыртка түтігі;
9 - жатыр; 
10 - аналық без;
11 - қынап; 
12 - гиподерманың құрсақ валикі; 
13 - ұрық түтігі; 
14 - аталық без; 
15- ұрық шығаратын канал


Дамуы
 
және
 
табиғатта
 
таралуы
Адамның және сүтқоректілердің ішегінде, Азия мен Африканың тропиктік аймақтарында,
ыстық климаты бар және қарапайым санитарлық жағдайлары нашар елдерде паразиттік
тіршілік етеді.
Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаның оттегісі мол, қолайлы температурасында
(28°-30°) ғана дамиды. Олар 10-15 күннің ішінде жетіліп, инвазиялық(жұқтыру) сатыға
ауысады, яғни иесінің (адамның) денесінде әрі қарай дами беруге қабілетті болады.
Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе көкөнiстi жумай жегенде
жұғады. Адам аузына түскен инвазиялык жұмыртқа ішекке өтiп, алдымен ішектегі
сөлдердiң әсерiнен жұмыртқаның қабығы бұзылып, одан личинка пайда болады. Личинка
сонда өсіп, бүкiл организмдi шарлап кетедi. Бұндай микроскопиялық майда личинкалар
ішек қабырғасынан қан тамырларына түседi. Қанның ағысымен олар бауырға, бүйрекке,
содан жүрекке, сонынан өкпеге келiп тоқтайды. Бұл кезде олардың ұзындығы 1 мм
шамасында болады. Өкпеде личинкалар қан тамырларын тастап, альвеоларға бронхыларға,
одан тыныс жолдарына түсiп, ауызға жылжиды. Осы уақытта личинкалар тамақты (тыныс
жолын) жыбырлатып, жөтелу кезiнде ауызға тез түседi. Ауыздан сiлекей мен ас арқылы
личинкалар iшекке келiп, өз дамуын аяқтайды. Дайын аспен қоректеніп, тез өсіп, ересек
формасына жетеді. Аскарида личинкасының миграциялық даму циклі үш айға созылады.


Паразиттердің анаэробты метаболизм өнімдері ішек қабырғаларына сіңіп, қанға
түсіп, анемия мен терең интоксикацияны тудырады. Аскаридоз әсіресе нашар
дамып, шаршағыштықтан зардап шегетін және басқа ауруларға бейім балалар
үшін қауіпті. Адамның ішектерінің дөңгелек құрттармен толып кетуі өмірге
қауіп төндіруі мүмкін. 
Аскаридтердің адамға келтіретін зияны
олардың жартылай қорытылған тағамның
бір бөлігін жеуінде ғана емес, сонымен қатар
қабылдаушы ағзаның интоксикациясында. 
Аскаридтер анаэробты тыныс алумен
сипатталады, онда резервтік қоректік заттар
(гликоген) энергияның бөлінуімен және
бірқатар зиянды заттардың, мысалы,
валериктің, майдың және басқа органикалық
қышқылдардың түзілуімен алмасу
процестерінің нәтижесінде ыдырайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет