80
материалдыққа және қаржылыққа бағытталған. Болашаққа ба-
ғытталған, дұрыс жасалынған бақылау жүйесі мүмкін ауыт-
қуларды олардың пайда болғанына дейін байқайды [41].
Ағымдық бақылау жұмыстардың
орындалу процесінде
жүреді, онда атқарылу сапасын бағалауға және түзету енгізуге
мүмкіндік беретін
кері
байланыс
принципі
әлдеқайда толық іске
асады, бұл мақсатқа жетуге ықпал етеді.
Қорытынды бақылау екі жақты рөл атқарады: ол жұмыс
сапасы туралы мәселені шешуге көмектеседі және оған әртүрлі
бағалаушы процедуралар: жазалау, мадақтау, ынталандыру мен
мотивке тәуелді болады.
Ол мотивациялық қызмет атқаратындықтан, жетекші психо-
логиялық тұрғыдан алғанда, бақылаудың нақ осы типіне баса
зейін аударуға және оның әдістері мен ережелерін меңгеруге
тиіс.
Әрі қарай бақылау
шамалы
және
толық
болып бөлінеді. Бі-
рінші жағдайда ол ұйымдық іс-әрекеттің
ең маңызды техноло-
гиялық операциялары мен буындарына ғана жанаса отырып,
жекелеген аспектілерін ғана қамтиды. Екінші жағдайда басқа-
рылатын жүйенің іс-әрекетінің барлық көрсеткіштері мен
барлық бөлімшелері бақылауға ұшырайды. Ол әлдеқайда тиімді,
бірақ оның үнемділік мәселесі туындайды. Бұл үшін страте-
гиялық бақылау қолданылады. Ұйымдағы істердің күйі туралы
толық ұғым алу үшін барлығын бақылау қажет емес, тек белгілі
бір стратегиялық пункттерді бақылау жеткілікті. Мұндай пункт-
тер желісі бақылау шаралары жүйесін жасау үшін негіз болуға
тиіс, өйткені ол жұмыстардың әлдеқайда шағын түрлері туралы
мағлұмат беріледі.
Жүйелілік белгісі бойынша таңдаулық және жоспарлық
бақылаулар болады.
Көлем белгісі
бойынша бақылаудың жеке, топтық немесе
жалпыұйымдық түрлері болады.
Бағытталуы бойынша бақылау нәтижелік және процессуал-
дық болып бөлінеді. Біріншісі қойылған мақсатқа жету шамасын
анықтайды, екіншісі оларға жету процесін бақылайды.
Қатаңдық дәрежесі бойынша бақылаудың екі типі болады:
сандық және сапалық (сараптық).
81
Бақылау қызметін сипаттау кезінде бақылаудың жалпы про-
цесі ұғымы енгізіледі. Бақылаудың кез келген процесі үш мін-
детті компоненттен тұрады: стандарттар мен көрсеткіштер
жүйесін жасау; оларды жұмыстың нақты нәтижелерімен салыс-
тыру; түзету шараларын жүргізу.
Атқару стандарттарын жасау кезеңінде бақылау көрсеткіш-
терінің екі типі – мазмұн бойынша бағдарлар (сапа және өнім-
ділік) және уақыт бойынша бағдарлар белгіленеді. Стандарттар
мен нәтижелердің толықтай сай келуі – сирек құбылыс, сон-
дықтан шекті вариациялар шекарасын (стандарттар, рұқсаттар
диапазонын) анықтаған жөн. Басқару теориясында «шектен
шығу принципі» бар: бақылау жүйесі стандарттардан мүмкін
емес ауытқулар байқалған кезде ғана іске қосылуға тиіс.
Бақылау
-
түзету
қызметін
жүзеге
асыру
принциптері
Бақылау
қателіктері
бақылау қызметін ұйымдастырудағы
негізгі талаптар мен ережелерді
орындамаудың салдары болып
табылады. Сондықтан бақылауды ұйымдастыру принциптерін
сақтау қажет.
Бақылауды ұйымдастырудың басты принциптері бақылауда
болуға тиіс:
1)
стратегиялық бағытталу, икемділік, нәтижеге бағдар-
лану, қарапайымдылық, объективтілік;
2)
бақылау компания емес, норма болуы шарт;
3)
бақылаудың
тотальдық болмауы;
4)
бақылау ашық, позитивтік болуға тиіс – бұл бақылауға
мотивация бағытын беру үшін маңызды. Жетекші өз тұжы-
рымдарын өзінде ұстамауы керек. Кемшіліктерді көрсете
келе, ол атқарушының өзімен келісетініне және түсінетініне,
жағдайды қалай түзетуге болатынына көз жеткізуге тиіс. Се-
німсіздіктен болатын бақылауға жол берілмегені жөн, өйт-
кені ол тұлғааралық кикілжіңнің себеп-салдары болып табы-
лады.
Бақылау стандарттары келесідей қасиеттерге ие болуға тиіс:
негізделген; қызметкерлерге түсінікті және олар қабылдаған;
қатаң, бірақ қол жететіндей.
82
Бақылау жүйесі жетекші тұлғасына баламалы болуға, бас-
қарудың белгілі бір стиліне сәйкес келуге тиіс.
Бақылаудың аяқтаушы кезеңі – байқалатын ауытқулар-
ды түзету. Олар:
технологиялық
,
ұйымдастырушылық
не
-
месе
психологиялық
. Соңғы жағдайда «жетекшінің түзету-
ші мінезі» ережесі тұжырымдалған
және мыналардан тұ-
рады:
1. Дұрыс қатынасты қамтамасыз ету (өзін тыныштандыру
және ашу басылғанын күту, т.с.с.).
2. Орынды дұрыс таңдау (қол астындағыға әріптестері-
нің алдында өз бейнесін сақтап қалуға оңтайлы жағдай жа-
сау).
3. Уақытты дұрыс таңдау (бақыланатын оқиға мен түзету
әңгімесі аралығындағы интервал неғұрлым аз болған сайын,
оның әсері соғұрлым тиімді болады).
4. Іс-әрекет мазмұнын баяндау фактісімен растау қажет.
5. Іс-әрекетті ғана сынау керек, мұнда қол астындағының
тұлғасына тіл тигізбеген жөн.
6. Мінез-құлықтың өзгеру маңыздылығын қызметкерлер
үшін және ұжым үшін (тұтас ұйым) жеке түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: