94
ұғымымен белгіленеді. Басшылықтың диктаторлық стилі неғұр-
лым айқын байқалған сайын, жетекшінің өзі жоғары тұрған
басшылықпен байланыста бағыныштыға соғұрлым жеңіл ауы-
сатыны белгілі («бейнеленген авторитарлық» құбылыс).
Жетекшінің
маргиналдық
шешімдері
. Жоғары тұрған ұйым-
ның қысымымен жетекші өз ұйымы ішінде болғанда, қабыл-
дайтынға қарағанда тәуекелі әлдеқайда үлкен шешім қабыл-
данады (тәуекелдің маргиналдық жылжуы).
Бұл қызметті жүзеге асыру кезінде жетекші имиджі, сондай-
ақ оның тілдік мәдениеті айрықша мәнге ие болады.
Басқару іс-әрекетінің «қызмет» ұғымымен белгіленетін
бірқатар жақтары бар, дегенмен кең, сондықтан да өте айқын
емес мазмұнға ие, бұл оның кешенді сипатына байланысты. Бұл
– әкімшілік, тұрақтандырушылық, тәртіптік қызмет.
Әкімшілік
және
тұрақтандырушы
қызметтер жетекшінің
көптеген өзге қызметтері мен жұмыс бағыттарына негізделеді.
Олардың мақсаты – ішкі ұйымдық қызмет етудің өзгеретін
сыртқы орта жағдайындағы тұрақтылығын сақтау. Тәртіптік
қызмет ұйымның ішіндегі оң ортаны қамтамасыз етудің іскерлік
құралы болып табылатын жоғары ұйымдастырушылық мәде-
ниетін жасау мәселелерінің кең спектрін қарастырады.
Сонымен интеграциялық, стратегиялық, ұсынымдық және
соған ұқсас басқа қызметтер – әкімшілік, тұрақтандырушы және
тәртіптік – басқарудың жалпы жүйесіндегі төртінші, қорытынды
тобын түзеді. Олар басқа үш топпен (әрекетті-әкімшілік, кадр-
лық, өндірістік-технологиялық) бірге басқару іс-әрекетінің
мазмұны мен құрылымын ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: