Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет45/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

Атқарушылық
 
стиль
– ережелер және жалпы қабылданған 
нормалар бойынша іс-әрекет. 
Заңнамалық
 
стиль
– проблемаларды шешуге жаңа жолдар 
жасау. 
Бағалаулық
 
стиль
– «тәртіпке келтіретін» дайын жүйелер-
мен жұмыс. Бұл типтегі адамдар проблеманы талдайды, сы-
найды және жетілдіреді. 
Интеллектуалдық қабілеттердің жоғары байқалулары- 
ның арасынан интеллектуалды дарындық типтері атап көрсеті-
леді. 
Саналаушылар
 
– интеллект коэффициенті 135 балдан жо-
ғары (Д. Векслер шкаласы бойынша норма – 100-115 балл).
Керемет
 
оқушылар
– оқу жетістіктерінің жоғары көрсет-
кіштері бар адамдар. 
Креативтер
 
шығармашылық, айрықша идеяларды көп 
мөлшерде туғызатын және күрделі проблемаларды шешуде 
қажеттілікке мұқтаж адамдар. 
Біліктілер
– кәсіби білімдердің үлкен көлемі және практика-
лық жұмыс тәжірибесі бар адамдар. 
Таланттылар
 
– қоғамдық мәнді формаларда танымға ие 
болған аса интеллектуалды жетістіктері бар адамдар. 
Ақылдылар
– «күнделікті» өмірді талдау мен болжауға бай-
ланысты айрықша интеллектуалдық мүмкіндіктері бар адам- 
дар.
Интеллект табиғаты мен құрылымын сипаттау қорытын-
дысында психологиядағы интеллектуалдық қабілеттер тұтас- 
тай алғанда тұлғаның жалпы қабілеттерінің бірі ретінде айты-
латынын атап көрсету керек. Бірақ бұл санатқа басқа да, тұл- 
ға қабілеттерінің «ранг бойынша» қорытылу дәрежесіне ұқсас 


121 
креативтік, оқуға бейімділік, рефлексивтілік кіреді. Іс-әрекетте 
олар интеллекпен, интеллектуалдық іс-әрекеттің жаңа ерекше-
ліктері негіз құра отырып, ажырамас байланыста болады. Бас-
қарулық іс-әрекет үшін жалпы қабілеттердің түзілу кешенді- 
лігі әлдеқайда мәнді. Интеллект жалпы қабілеттердің бірі бо-
лып табылатындықтан, соңғылары оған ықпал етеді, мұны же- 
текшінің практикалық интеллектісін сипаттау кезінде ескеру 
қажет. 
 
Интеллект
 
және
 
басқару
 
іс
-
әрекетінің
 
тиімділігі
 
60-жылдардың басында басқару іс-әрекеті мен интелектіні 
байланыстыратын негізгі және бастапқы заңдылық анықталды. 
Америкалық психолог Е. Гизелли тура емес (ұзақ уақыт бойы 
солай есептелінген және осы саладағы зерттеулерді құрсау-
лаған) қисық сызықты тәуелділік бар екенін байқады. Өте жо-
ғары интеллект бар жетекшілер емес, оның байқалуының қандай 
да бір оңтайлы дәрежесі бар жетекшілердің іс-әрекеті әлдеқайда 
табысты болып есептеледі. Бұл нәтижелердің кенеттігі осы 
саладағы жаңа зерттеулерді ынталандырды. Олар қазіргі кез- 
де хрестоматиялық болған айқындалған тәуелділікті рас- 
тады [52]. 
Дегенмен бұл нәтижелер олардың көптігіне және сенімді-
лігіне қарамастан, «жақсы жетекші – бұл өте ақылды жетекші» 
деген күнделікті ұғыммен сәйкес келе бермейді. Ғылыми және 
эмпирикалық мәліметтердің қарама-қайшылық себептерін 
айқындау интеллект басқару іс-әрекетінің тиімділігімен байла-
нысының мәнін, олардың өзара әсерлесуінің күрделілігін ашып 
көрсетуге мүмкіндік береді. Ф. Фидлер мен А. Лейстердің 
«
ара
-
лық
 
факторлар
» 
тұжырымдамасында осы себептердің кейбі-
реулері сипатталған. Ол, интеллектің басқару іс-әрекеті табыс-
тылығымен тура емес, көбінесе орталанған болып табылаты-
нына негізделеді. Іс-әрекет тиімділігіне интеллект ғана емес, 
көптеген себептер ықпал етеді, ал интеллект оған көптеген 
аралық айнымалылар, яғни жетекшінің мотивация деңгейі, оның 
тәжірибесі, басшылармен және өзі басқаратын топпен арақа-
тынасы арқылы әсер етеді.


122 
Интеллектуалдық қабілеттер диагностикаланатын тесті- 
лердің барлығы дерлік теориялық, абстрактілік негізде құры- 
лады. Менеджердің интеллектуалдық функцияларына қойы-
латын талаптарды қолданыстағы тестілер жасалған талаптар-
мен салыстыруға болмайды. Сондықтан да нәтижелер қарама-
қайшы.
Басқару іс-әрекеті тиімділігінің интеллект деңгейіне қисық 
сызықты тәуелділігі соңғы уақытта анықталған басқа да себеп-
термен түсіндіріледі, мысалы:
1) интеллект деңгейі мен басқару іс-әрекетінің өтілі ара-
сындағы кері байланыстың болуы; 
2) басқару іс-әрекетінің өтілі салыстырмалы түрде аз адам-
дарда жоғары интеллектің болуы. 
Интеллектуалдық көрсеткіштердің өтіл өсуі кезіндегі тө-
мендеуінің екі негізгі себебі бар: психофизиологиялық функ-
циялардың, соның ішінде интеллектің табиғи жас ерекше- 
лік инволюциясы және интеллектуалдық тестілердің көп- 
шілігі негізделген академиялық білімдер мен машықтар- 
дың «ұмтылуы». Жетекшінің интеллекті көп дәрежеде тео-
риялыққа қарағанда практикалық бола түседі. Басқару іс-
әрекетінің жалпы тиімділігіне интеллектің өзі емес, өтіл мен 
оның туындысы кәсіби және өмірлік тәжірибе көбірек ықпал 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет