109
Кәсіби тәжірибенің дифференциалдануы келесі сипаттармен
анықталады:
1)
Тәжірибеде реттелген басқару жағдайларының санымен
және алуан түрлілігімен;
2)
Олардың типологиялық дәрежесімен;
3)
Жетекшінің әртүрлі жағдайлардағы «мінез-құлық репер-
туарының» алуан түрлілігімен.
Тәжірибенің интеграциялануы – оның компоненттерінің
шоғырлану шарасы, дифференциялануының туындысы. Ол
негізгі екі аспектіден тұрады: 1)
тәжірибе компоненттері-
нің қаншалықты реттелгені және шоғырланғаны; 2) олардың
бір-бірімен қарама-қайшылықта қаншалықты болмауы, жалпы
мағынамен және жетекші тұжырымдамасымен қаншалықты
біріккендігі.
Дифференциялану мен
интеграциялану бірлесе отырып,
жалпы сипаттаманы – тәжірибенің ұйымдастырылу дәрежесін
береді. Жоғары ұйымдастырылу жетекші іс-әрекетіндегі опера-
тивті естің негізгі қасиеті болатын ақпараттың жоғары жұмылу
дайындығының байқалуы үшін аса маңызды шарты болып та-
былады.
Тәжірибенің жекеленуі. Тәжірибе өз жетістіктері мен кем-
шіліктері нәтижесінде қалыптасады,
сондықтан да тәжірибенің
барлық құрылымы үшін білуге тиісті жағдайлардың бірыңғай
жиынтығы жоқ. Біреуі үшін жақсы болған екіншісіне мүлде
келмейді.
Тәжірибенің таңдалымдылығы (селективтілігі) ұзақ мерзімді
естің осыған ұқсас қасиетіне негізделген. Тәжірибе қалыпта-
суының басты шарты – оның үнемі байытылуы, бірақ ол ақпа-
ратты механикалық түрде жинақтау сипатында болса, онда
ақпараттық артық жүктелу туындайды. Сондықтан кәсіби тәжі-
рибе құрылымына селекция механизмі енгізілген.
Тәжірибенің мәндік интеграцияға қарай ағымы да ұзақ мер-
зімді естің осыған ұқсас заңдылығына негізделген. Тәжірибенің
қарама-қайшылығы теріс фактор ретінде бағаланады.
Кәсіби
тәжірибенің операциялылығы, оның жағдайының
негізгі «бірліктеріне» міндетті түрде оларды жеңу тәсілдері қо-
сылатындығында.
110
Тәжірибенің өнімділігі мнемоникалық процестердің ұқ-
сас сипаттамасына оның нәтижесі ретінде негізделеді. Же-
текшіліктің жазылмаған («алтын») ережесі тәжірибе компо-
ненттерінің бірі болып табылады. Олардың кейбіреулері мы-
налар: «жағымды альтернативті», «сүйікті себептер», «шет-
тер мен орталар» (хабар ортасы нашар сақталады), т.б. құбы-
лыстар.
Жетекшінің кәсіби тәжірибесіне басқару іс-әрекетінің аса
маңызды реттеуіші басқарудың
жеке тұжырымдамасы негіз-
деледі. Бұл – басқару әдістері мен тәсілдеріне деген тұрақты
көзқарастар жүйесі, оның мақсаттары мен міндеттері, мәнері
мен қол астындағыларға қоятын талаптары.
Достарыңызбен бөлісу: