Т. К. Жуманбаева, Р. Т. Шаймерденова, А. М. Абдикаримова



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата13.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#157963
түріНұсқаулар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
МУ по ОЭ -2020-1

 
Келесі пікірлер дұрыс па: 
1.Экономикалық өсу теріс болуы мүмкін. 
2.Экономикалық өсудің интенсивті және экстенсивті өсу таза түрінде 
байқалмайды. 
3.Ұлттық өндірістің нақты көлемі өзінің табиғи деңгейінен артық бола 
алмайды. 
4. Жұмыс аптаның ұзақтығы экономикалық өсуге әсер етпейді. 
5. Өсудің рецессиясында жұмыссыздық нормасы өзінің табиғи мәнінен артық 
болады. 
6. Экономикалық өсудің қалыпты қарқыны болып 2,5-3
%
саналады. 
7. Соңғы он жылда ұлттық жинақтаудың өсу тенденциясы байқалады. 
8. Жиынтық сұраныс экономиканың негізгі төрт секторынан құралады. 
9.Жиынтық сұраныс тауарлар мен қызметтердің жоспарланған шығындарының 
сомасына тең. 
10. Ресурстар бағасы абсолютті икемді болады. 
11.Жиынтық шығындар негізгі екі элементті құрайды. 
12.Циклдік тек нарықтық экономикаға тән. 
13.Экономикалық циклдердің ұзақтығы бірнеше айдан 100 жылға дейін 
аутқиды. 
14.Экономикалық циклдің келесі шындарына ұлттық өндіріс неғұрлым жоғары 
көлемі сәйкес келеді. 
15.Өндірістің төмендеуінде несиелік ресурстарға сұраныс артады. 
16.Жасырын жұмыссыздық ресми статискада ескерілмейді. 
17.Фрикциондық жұмыссыздық белгілі бір мөлшерде экономикаға қажет. 
18.Баяу инфляция қарқынында бағаның өсуі жылына 50

құрайды. 
19.Төмендеуге байланысты болған инфляцияны уақытша тоқтату шарасы 
болып жалақы мен бағаға бақылау жүргізу болып табылады. 
20.Қанттың бағасының өсуі инфляцияны көрсетеді. 
21.Инфляцияға қарсы шаралар, инфляция себебін жоюға бағытталуы керек. 
 
СДЖ арналған тапсырмалар 
1. Жылдық есептеудегі ЖҰӨ-нің өзгеру қарқыны жоғары-бұл: 
A) эмбарго; 
B) икемділік; 
C) экономикалық өсу; 


48 
D) алыптасарлық; 
E) сактанушылық. 
2. Экономикалық өсудің неғұрлым мәнді себебі: 
A) қолданылатын капитал көлемінің өсуі; 
B) жұмыс уақыты көлемінің өсуі; 
C) жұмыс күші квалификациясының өсуі; 
D) жұмысшылар санының өсуі;
E) өндірістегі технологиялық өзгеріс. 
3. Экономикалық өсуді төмендегідей түрде көрсетуге болады: 
A) өндіріс мүмкіндік қисығының бойындағы нүктелердің жылжуымен; 
B) өндіріс мүмкіндік қисығының бойындағы бір нүктеден екінші нүктеге 
жылжуымен; 
C) өндіріс мүмкіндік қисығының оңға жылжуымен; 
D) өндіріс мүмкіндік қисығынан тыс нүктелердің жылжуымен; 
E) өндіріс мүмкіндік қисығының солға жылжуымен. 
4. Экономикалық өсудің интенсивті факторына не жатады? 
A) істелінген жұмыс уақытының өсуі; 
B) өнім бірлігін өндіру уақытының өсуі; 
C) өндірісте ҒТП жетістіктерін қолданбау; 
D) өндіргіш күштерді дамыту; 
E) өндірістік қуаттың сапалы жетілдірілуі, өнім бірлігін өндіру уақытының 
азаюы. 
5. Экономикалық өсу – бұл: 
A) өтпелі дәуір кезеңіндегі шаруашылықтардың белсенділік деңгейіндегі 
қайта құрылуы; 
B) ЖҚӨ-нің бір қалпында болуы
C) ЖҚӨ-ді халықтық жеке басына шаққандағы нақты көлемінің кемуі; 
D) мемлекеттің өндірістік саладағы техника мен технологияның жетілдіру 
нәтижесінде ұлғаюы; 
E) мемлекеттік өндіріс саласындағы қайта құру кезеңі. 
6. Дж.Кейнстің пікірінше макроэкономикалық тепе-теңдіктің негізгі мәселесі 
- ол: 
A)
халықтың төлем қабылеттілігін өсіру; 
B)
баға тұрақтылығын қамтамасыз ету; 
C) "арзан ақша" саясатын қамтамасыз ету; 
D) "қымбат ақша" саясатын қамтамасыз ету; 
E) табыс деңгейі мен жұмыспен қамтудың байланысы. 
7. Экономикалық өсуді төмендегідей түрде көрсетуге болады: 
A) өндіріс мүмкіндік қисығының бойындағы нүктелердің жылжуымен; 
B) өндіріс мүмкіндік қисығының бойындағы бір нүктеден екінші нүктеге 
жылжуымен; 
C)
өндіріс мүмкіндік қисығының оңға жылжуымен; 
D) өндіріс мүмкіндік қисығының солға жылжуымен; 
E) өндіріс мүмкіндік қисығынан тыс нүктелердің жылжуымен. 


49 
8. Экономикалық өсу типтері – бұл: 
А) салыстырмалы инвестиция 
В) экстенсивті 
С) экстенсивті және интенсивті 
Д) интенсивті 
Е) салыстырмалы экстенсивті 
9. Экономикалық өсу түрлері: 
A) Экстенсивтік және интенсивтік, аралас; 
B) Капиталистік және социалистік; 
C) 10% дейін; 
D) Жылдам және тежеу; 
E) Табиғи және жасанды. 
10. Елдегі инфляция қарқынының көрсеткіші ретінде: 
А) атаулы валюта бағамы
В) тұтыну құнының индексі; 
С) кемітушілік индексі; 
Д) валютаны сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі; 
Е) сыртқы сауда индексі. 
11.Филлипс қисық сызығы инфляция деңгейімен ненің арасындағы байланысты 
көрсетеді? 
А) ақша массасын; 
В) экономикалық цикл; 
С) нақты процент мөлшерлемесі
Д) процент мөлшерлемесі; 
Е) жұмыссыздық. 
12. Баяу ағымды инфляция: 
А) өндірістің тоқырау жағдайына сипаттас; 
В) ұсыныс жағындағы инфляция түрлерінің біріне жатуы мүмкін; 
С) жиынтық сұраныстың ықпалымен дамиды; 
Д) негізгі нарық агенттері бейімділетін инфляцияның күтілген қарқынын 
білдіреді; 
Е) ауытқуы мүмкін және болжауға келмейтін деңгейімен сипатталады. 
13. Инфляция дегеніміз: 
А) арнайы сый ақы; 
В) міндетті төлем
С) экономикада өрлеу; 
Д) орташа бағаның өсуі; 
Е) бағаның төмендеуі. 
14. Баға деңгейі мен табысқа қатаң бақылау жасау – бұл: 
А) ашық инфляция; 
В) күтілетін инфляция; 
С) шығындар инфляциясы; 
Д) жабық инфляция; 
Е) сұраныс инфляциясы. 
15. Инфляция кезінде: 


50 
А) нақты пайыз мөлшерлемесі атаулы пайыз мөлшерлемесінен төмен 
болады; 
В) атаулы пайыз мөлшерлемесі нақты пайыз мөлшерлемесінен төмен 
болады; 
С) қарыз алушы ұтылады, қарыз беруші ұтады; 
Д) тауарлардың салыстырмалы бағасы төмендейді; 
Е) адамдардың нақты табыстары өседі. 
16. Күтілмеген инфляция болғанда кімдер аз зардап шегеді: 
А) баға төмен болғанда қарызға берген адамдар; 
В) баға төмен болғанда қарызданып қалғандар; 
С) белгіленген номиналды табыс алатындар; 
Д) ақшалай жинақтары бар адамдар; 
Е) баға деңгейіне қарағанда номиналды табысы жай өсетіндер. 
17. Инфляцияға қарсы фискалдық саясат нені талап етеді: 
А) салық механизмі қолданылмауын
В) салық пен мемлекет шығындарының азаюын; 
С) салық азаюы мен мемлекет шығындарының өсуін; 
Д) салық пен мемлекет шығындарының көбеюін; 
Е) салық салудың өсуімен мемлекеттік шығындардың азаюын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет