Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет204/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Диагностикасы.
Типті жағдайда қиындық келтірмейді. 
Герпетиформды орналасуы мен элементтердің полиморфизмі
қышыну, көпіршік құрамы мен қанда эозинофилия, көп


науқастардағы йодқа сезімталдық және иммунофлюоресцентті 
диагностикада IgA базальді мембранада жинақталу байқалады. 
Кейде дерматозды көпформалы экссудативті эритемадан 
ажырату қиынға түседі. Экссудативті эритемада продромальді 
кезең бар (дене қызуының көтерілуі, буындағы, бұлшықеттегі 
ауырсыну және т.б.), ауру көбіне тоңғаннан, салқын тигеннен соң, 
негізінен көктем немесе күзде дамиды.
Емі.
Ең әсерлі препараттарға диамино-дифенилсульфон (ДДС, 
дапсон, авлосульфон) немесе диуцифон оның ізашары 
метилурацилдің екі қалдығымен жатады. Көбіне ДДС-мен 
емдеуді 5-6 күндік циклдермен 0,05-0,1г дозада тәулігіне 2 рет 
береді, циклдер арасында 1-3 күндік үзіліс жасайды. Емнің 
ұзақтығы препаратты көтеруі мен оның тиімділігіне байланысты. 
Балаларға дозасы жасына сәйкес беріледі, ол 0,005-тен 0,025 г-ға 
дейін құрайды, тәулігіне 2 рет беріледі, циклдер ұзақтығы 3-5 күн,
арасы 2-3 күн, курс 5-6 циклден тұрады. Диуцифон 0,05-0,1г 
дозада тәулігіне 2 рет, 2-4 циклді курспен тағайындалады. 
Байқалуы мүмкін рецидивті болдырмау үшін ДДС-мен қатар 
немесе одан соң аутогемотерапия жүргізген дұрыс, қан плазмасын 
құю, гемотрансфузия, бұлшықетке унитиол егу немесе 
экстракорпоральды 
гемоперфузияны 
жасау 
қажет. 
Сульфаниламидті препараттардың (сульфапиридазин, сульфатон, 
бисептол және т.б.) тиімділігі аздау.
ДДС-пен немесе сульфаниламидтермен емдеген жағдайда 
анемия, сульфогемоглобулинемия, гематурия ситяқты асқынулар 
болуы мүмкін. Әр 7-10 күн сайын перифериялық қан мен несебін 
тексеріп, 
бір 
мезетте 
эритропоэзді 
стимуляциялайтын 
препараттарды тағайындау қажет (В
12
витаминінің инъекциясы, 
гемостимулин). Сульфаниламидті препараттар мен ДДС-ді немесе 
диуцифонды бір уақытта немесе тіптен бірінен соң бірін 
қолдануға 
болмайды. 
Дюринг 
ауруында 
организмнің 
антиоксиданттық әсері төмендегендіктен антиоксиданттық әсері 
бар препараттар қолданылады: липой қышқылы, метионин, фоль 
қышқылы, ретаболил. Сульфондардың антагонисі ретінде фоль 
қышқылы 
олардың 
жағымсыз 
әсерін 
төмендетеді. 
Антиоксидантты препараттармен емдеу ремиссияның дамуын 


жылдамдатып, оны ұзартады. Ауыр торпидті формаларда ДДС, 
авлосульфан немесе диуцифонды қолдануды орта терапевтикалық 
дозадағы 
(12-20 
мг/тәу 
преднизолон 
бойынша) 
глюкокортикоидты гормондармен қоса береді. Ремиссия кезінде 
күкірсутекті курорттарда емделеді. 
Жергілікті емді
клиникалық көріністер негізінде жасайды. 
Калий перманганатымен, емдік шөптерден жылы ванналар жақсы 
әсер етеді. Қуысты элементтерді ашып фукорцин мен анилинді 
бояулардың сулы ерітіндісімен жуады. Эритематозды-уртикарлы 
бөртпелерде қышынуға қарсы заттарды ішке немесе сыртқа 
қолданады, сонымен қатар глюкокортикоидтармен аэрозольды де 
қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет