Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың Ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту


  Оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын анықтауға



Pdf көрінісі
бет3/49
Дата14.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#158098
түріУчебно-методическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Pisa, timss зерттеулеріні тапсырмалары негізінде


Оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын анықтауға 
бағытталған халықаралық зерттеулер тапсырмаларының ерекшеліктері
 
Қазақстан
 
оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын анықтауға 
бағытталған TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) және PISA 
(Programme for International Student Assessment) 
зерттеулеріне қатысып келеді.
TIMSS халықаралық зерттеуі 4 және 8-сынып оқушыларының математика 
мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төрт жылдық мерзіммен 
(1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізілетін зерттеу. Зерттеуге әлемнің 63-
тен аса елдері қатысады. Бағдарламаны оқушылардың білім жетістіктерін 
бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастығы (IEA) үйлестіреді. 1995 жылдан 
бастау алатын TIMSS зерттеуінің негізгі мақсаты, 4 және 8-сынып 
оқушыларының математика мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу 
жетістіктерін бағалау 
және 
мектепішілік, мектептен 
тыс білім 
детерминанттарын анықтау болып
табылады.
PISA – 
1997 жылдан басталған бұл сынақ, үш жылдық мерзіммен 
өткізілетін жалпы орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында 15 
жастағы білім алушылардың математика, жаратылыстану және оқу 
саласындағы сауаттылығын бағалауға арналған (2000, 2003, 2006, 2009, 2012, 
2015).
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық 
бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын 
өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәнімен тікелей 
байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға 
бағытталған.
Бұл зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) 
жүзеге асырылады. PISA зерттеуі оқушылардың білім жетістіктерінің 
нәтижелерін, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді бақылауға, 
жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді. 2012 жылы 
бағдарламаның бесінші кезеңі жүзеге асырылды, ал 2015 жылы алтыншы кезеңі 
өткізіледі.
PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы 
оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу бағытындағы пәндерден 
игерген білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың оқу 
барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана 
білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
Көптеген елдерде жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім беру сатысын 
аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он 
бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, 
дағдыларды қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтайды.
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы 
әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде 
объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып 
табылады.



Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге 
асады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және 
«оқу сауаттылығы». 
Оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін 
оның мазмұнын қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен 
мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті (оқу сауаттылығы 2000, 2009 жылдары 
жүргізілді). 
Математикалық сауаттылығы – өзі өмір сүріп жатқан әлемде математика 
рөлін анықтау және түсіну, жасампаз, мүдделі және ойшыл азаматқа тән 
дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі таңда және 
болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолдана алу қабілеті 
(
математикалық сауаттылығы 2003, 2012 жылдары жүргізілді). 
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы – нақты жағдайларда ғылыми әдіс 
көмегімен шешілетін және зерттелінетін проблемаларды анықтау үшін, 
тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін 
жаратылыстану білімін қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған 
ортаны және оған адам ісімен енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін, сонымен 
қоса тиісті шешімдерді қабылдау үшін қажет [2].
 
Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл 
(тапсырмалардың үштен екі бөлігі) бөлінеді. 2000 жылы зерттеудің негізгі 
бағыты «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылығы», 2006 
жылы – «жаратылыстану сауаттылығы», 2009 жылы білім жетістіктерін 
бағалаудың негізгі аймағы «оқу сауаттылығы» болды, ал 2015 жылғы 
тестілеуде негізінен «жаратылыстану сауаттылығы» бағаланады. PISA-2012 
жаратылыстану сауаттылығын тексеруге арналған тестердің құрамына 
өлшеудің 4 аспектісі кіргізілді, олар: контекст, білім, құзіреттіліктер және 
қарым-қатынас. Оқу бағдарламаларының (жоспарының) орта мерзімді жаңа 
құрылымында: «Білімнің ұсынылатын түрлері», «Қысқаша шолу» және 
«Контекс» (мәнмәтін) пунктерінен тұратын жалпы әдістемелік ақпараттар бар, 
оларды бір немесе басқа аспектіде (мысалы, тұлғалық не әлеуметтік) тұрғыдан 
қарауға жағдай жасайды. 
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ғылыми жаратылыстану (әлем 
туралы) және әдіснамалық құрылымдардан тұрады. Әдіснаманың 
құрылымында ғылым туралы білімін және оны қалай зерттеуге болатыны 
айтылады. Орта білім мазмұнының жаңартылған тұжырымдамасында зерттеу 
жұмысы негізгі дағдылардың бірі болып табылады. PISA-ның «Денсаулық» 
атты тестік тапсырмалары, сұрақтары және есептері оқушылардың өздерінің 
денсаулығына қатысты жаңа білім беру кеңістігін құрастыруға мүмкіндік 
беретін мәдениеттің индикаторы ретінде маңызды. 
Халықаралық PISA зерттеулерінде барлық сұрақтар мен тапсырмалар 
жалпы үш топқа бөлінеді, олар: «Қалай білуге болады?» атты таным әдісін 
қолдануға арналған тапсырмалар. «Түсіндіріп көр» – құбылыстар мен 
фактілерді түсіндіруге арналған тапсырмалар. «Қорытынды жаса» – берілген 
деректер негізінде қорытынды құрастыруға арналған тапсырмаларды орындау. 



Оны төменде берілген халықаралық зерттеулердің мектеп оқушыларының 
ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын тексеруге арналған, құрылымы 
жағынан бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалардың үлгісінен көруге болады.
1-
мысал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет