4
Оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту
бойынша оқу және жобалық тапсырмалар әзірлеу
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты
міндет қойды. Жолдауда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
және білім мазмұнының тәрбиелік әлеуетін арттыру тапсырмалары берілді.
Осыған сәйкес қабылданған оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының
6 -
тармағына сәйкес Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен бекітілген
Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, 2013 жылы 11 жылдық
білім берудің типтік оқу бағдарламаларын әзірледі (Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115
бұйрығымен бекітілді).
Бұл бағдарламаларда (2010 жылы бекітілген оқу бағдарламаларына)
төмендегі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
1.
Білім мазмұнын оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту,
білімдерін практикалық жағдаяттар мен әлеуметтік бейімделу барысында
тиімді қолдануға лайықтау. Осыған сәйкес практикалық, жобалау-зерттеу
жұмыстары мен эксперименталдық тапсырмалардың көлемін ұлғайту.
2.
Қазақстандық компонентті кеңейту, еліміздегі индустриалдық-
инновациялық даму стратегиясы аясында оқушылардың жаңа өндірістер мен
технологияларды меңгеру қабілеттерін арттыру, экологиялық білімі мен
дүниетанымын кеңейту;
3.
Білім берудің тәрбиелік әлеуетін күшейту және оқушыны ерте
әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдық жағдаяттарға және көпмәдениетті ортаға
бейімдеу, коммуникативтік құзіреттілігін дамыту;
4.
Мектептің
жоғарғы
сатысында
тереңдетілген
бағдарлы
дифференциациялану арқылы саралап оқытуды күшейту, элективтік курстарды
енгізу, сол арқылы кәсіпалды дайындықты күшейту;
5.
Білім аймақтары мен білім деңгейлері арасындағы сабақтастық пен
жүйелілікті арттыру, ескірген материалдарды заман талаптарына сай құнды
материалдармен алмастыру;
6.
Гуманитарлық пәндер мен жаратылыстану-математикалық пәндер
жүктемелері арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру.
Оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыруда, ең бастысы, оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыру
міндеті аса маңызды. Осы орайда
оқытудың ғылымилығы
ұстанымы жетекші
рөл атқарады. Бұл ұстаным бойынша оқушыларға берілетін білімнің
мазмұнының ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, оларға заттар мен
24
құбылыстардың заңдылықтарын ұғындыру және олардың арасындағы себеп-
салдарлық байланысты ашу ескеріледі. Мектепте кез келген пәнді оқытуда
оқушылардың қарапайым ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттар
мен құбылыстардың негізгі және жанама белгілерін ажырату, қоршаған
әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру,
талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары
көзделгенде
ғана
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыруға болады.
Оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыруды көздесек, оның жүйелілігі
мен сабақтастығы, бірізділігі де ескерілуі міндетті. Бұл орайда дидактиканың
оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі ұстанымы жүзеге асырылады. Аталған
ұстаным оқытудың ғылымилығы ұстанымымен тығыз байланыста жүреді.
Оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығын, бірізділігін қамтамасыз ету үшін
әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда
ұғымдық-ақпараттық материалдардың белгілі бір жүйемен берілуін,
сабақтастығын, біртіндеп тереңдетілуін және кеңейтілуін, сондай-ақ
оқушылардың білімді меңгеру әрекеті белгілі бір сатымен (мысалы:
ынталандыру, алғаш көру – байқау, қабылдау – түсіну, ұғым құру, есте сақтау,
қорытынды шығару немесе тұжырым жасау, т.б.) іске асырылуын ескеріп
отыру керек.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда басты рөл
атқаратын, басты орында тұратын ұстаным – теория мен практиканың
байланыста болуы ұстанымы. Оның мәні – оқушыларға теориялық білім беріп
қана қоймай, сол білім, білік, дағдыларын күнделікті жаңарып, өзгеріп жатқан
өмірде, кез келген жағдаятта емін-еркін қолдана білуін қамтамасыз ету. Ол
үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді
өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру
керек.
Оқушылардың игерген білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және
әлеуметтік бейімделу үдерісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі
құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі олардың функционалдық сауаттылығы
дамуының нәтижесін береді.
Сондықтан
«Жаратылыстану»
білім
саласындағы
оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша білім мазмұнын
жаңартуды келесі жолдармен жүзеге асырылуды ұсынамыз:
–
химия, биология және физика ғылымдарының, инновациялық
технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу;
–
ұлттық компонентті кеңейту;
–
Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуын негізге ала отырып,
оқытудың өндірістік, технологиялық үдеріспен байланысын ірілендіру және
жаратылыстану өндіріс саласындағы болашақ кәсіби кадрларды дайындау;
–
оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, олардың табиғат пен
минералды ресурстарға, туған өлкесінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне
ұқыптылықпен қарау және өз елінің табиғи байлығын қорғау мен көбейту
25
негізінде жаратылыстану саласында білім берудің экологиялық құраушысын
кеңейту;
–
мектептегі жаратылыстану-ғылыми білімді жетілдіру сәйкесінше
пәндердің оқу бағдарламаларын күрделендіру арқылы жүзеге аспауы тиіс,
керісінше оқыту үдерісі оқушылардың практикалық және зерттеушілік
дағдыларын дамытуға, оқу жобаларын орындаудағы креативтілік ойлауын
қалыптастыруға, алған білімдерін болашақ кәсіби қызметтерінде қолдана білуге
дайындауға бағытталуы тиіс;
–
өздігінен орындайтын тәжірибелік, эксперименттік жұмыстарды сан
түрлі әдістер мен технологияларды қолдану арқылы функционалдық
сауаттылықтарға жататын бөлігіне ерекше мән беріп, жүйелеп үйрету;
–
жазбаша жұмыстарды, практикалық, зертханалық тәжірибелерді, түрлі
біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды
іс жүзінде орындау.
Осы айтылғандардан оқушылардың жаратылыстану саласы бойынша
функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру үшін білім беру
деңгейлеріндегі жаратылыстану пәндерінің мазмұнына әрекеттік сипаттағы
келесі білімдерді кіріктіру қажет:
–
химиялық элементтер мен заттардың, сонымен қатар химиялық
реакцияларды қорыту және топтастыру;
–
күнделікті өмірде бізді қоршаған химиялық, физикалық, биологиялық
құбылыстарды, әртүрлі заттар мен азықтарды қауіпсіз және тиімді пайдалану;
–
химиялық технология және полимерлер өндірісі, жаңа құрылыс және
құрастыру материалдары, тұрмыстық химия, фармакология, ауыл
шаруашылығы және биотехнология және т.б. облыстарындағы алғашқы
практикалық дағдыларының болуы тиіс;
–
жаратылыстану пәні бойынша практикалық жұмыстарды жобалау,
моделдеу және орындау, диаграммаларды, реакция теңдеулерінің сұлбаларын
оқи білу;
–
байқау немесе өлшеу нәтижелерін кестелер, графиктер көмегімен
көрсету;
–
моделдердің көмегімен қоршаған әлемдегі табиғи құбылыстарды
түсіндіру, мәліметтерге талдау жасау негізінде қорытынды жасау;
–
жаратылыстану аймағындағы зерттеулердің негізгі ерекшеліктерін
түсіну;
–
алған білімдері негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды
түсіндіру немесе суреттеу, сонымен қатар өзгерістерді болжау;
–
қорытынды шығару, оларды талдау және негіздемесін бағалау үшін
ғылыми дәлелдеулерді және мәліметтерді пайдалану;
–
физикалық шамаларды анықтау (өлшеу), болжамдарды тексеру;
–
Қазақстан
Республикасының
экономикалық
және
әлеуметтік
географиясы арқылы қазіргі кездегі ұлттық саясатты және экономикалық,
әлеуметтік, қоғамдық, демократиялық дамуын; қазіргі әлемдегі орнын;
мемлекеттік саяси және конституциялық дамуын; мәдениеті мен ұлттық
26
құндылықтарын; экономикасы, болашағы, қауіпсіздігі және қазіргі геосаяси
жағдайын; ішкі және сыртқы саясатын; дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігі;
әлемдік қауымдастықтағы алатын орнын меңгеру;
–
жазылым бойынша глоссарий, эссе, кең көлемді зерттеу жұмысының
нәтижесін жазу, есептер және шағын диссертациялар, әр түрлі бұқаралық
ақпарат құралдарын пайдалана отырып презентациялар құрастыру;
–
оқылым бойынша блиц-аударма, мәнерлеп оқу, презентация бойынша
нақты сұрақтарға жауап беру; Қазақстанның сыртқы саясаты туралы ауызша
презентация жасау;
–
тыңдалым бойынша дәріс, үнтаспалар мен бейнетаспаларды тыңдау
(оқулықтарға қосымша ретінде авторлар түрлі аудиоматериалдар әзірлеу
керек), сыныптастарының ауызша жұмыстарын тыңдау, диалог, монолог
құрастыру, рөлдік ойындарға қатысу, тренинг, пікірсайыстарға қатысу.
Сонымен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
жаңартылған білім мазмұнының инновациялық сипаттамасын мынадай
мазмұндық-әдістемелік бағыттармен көрсетуге болады:
−
білім беру мазмұнының когнитивтік, аксиологиялық және әрекеттік
компоненттерін кіріктіру;
−
білім берудің негізгі мақсаттары білім берудің құндылық бағдарларының
жүйесі арқылы анықтау;
−
білім берудің баламалылығы және оның саралануын қамтамасыз ету;
−
білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін оның аксиологиялық
компоненттерін кеңейту арқылы күшейту;
−
білім беруде практикаға бағдарланған жаңа білім мазмұнын енгізу,
денсаулық сақтаушы технологиялар, ашық ақпаратты-білім беру ортасын
қалыптастыру және т.б. жүзеге асыру;
−
білім мазмұндарында позитивті мәтін, глоссарий, сөздік, мағыналық
сөздік, шығармашылық және қолданбалы маңыздылығы жоғары тапсырмалар,
зерттеу жұмыстарының тақырыптары, кейбір технологиялар мен әдістерді
қолдану бойынша нұсқаулықтар, критериалды бағалаудың әдістемесі мен
дескрипторлары туралы материалдар, кейбір сабақтарға қатысты технологиялар
мен сценарийлерінің үлгісі, жекелеген тақырыптарға қатысты ақпарат көздеріне
сілтеме, аудио және бейне қосымшаларды беру.
Жалпы алғанда, оқыту түрлері: сабақта білім алу, эксперименттер немесе
практикалық жұмыстар жасау, есептер шығару, жаттығулар орындау т.б.
бәрінің басын біріктіріп, жүйелі ойлап дұрыс шешім қабылдауға әкелетін де
функционалдық сауаттылықтар, өйткені нағыз білім саналы түрде
жауаптылықпен қабылдап, түсініп, оны орнымен қолданудан туады.
Қазіргі кезде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени,
саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір
бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылықтар жүйесін құрастыру білім алуға апаратын
білім беру деңгейлерінің әрбір пәндегі біліктер мен құзыреттіліктерді іріктеп,
олардың өзара сабақтастық байланысын айқындаудан басталады. Ал
27
функционалдық сауаттылықты құрайтын нысаналар, ұғымдар, ұстанымдар,
ережелер, заңдылықтар, біліктер, құзыреттіліктер т.б. бірінен-бірі туындайтын
немесе үндесетін жүйе ретінде қарастырылып, әр оқу жылында және білім беру
деңгейлерінде олар толыға, тереңдей түседі және оларды білім берудің
нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы түрде білім беру
деңгейлері бойынша анықтап алу қажет.
Бастауыш білім беру деңгейі баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң ынтасы
мен іскерлігін: негізгі мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың,
жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі
көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталып,
таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын,
функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Негізгі орта білім беру деңгейі оқушылардың ғылым жүйесінің базалық
негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық
қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі
билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталып, жоғары рухани-
адамгершілік қасиеті мен функционалдық сауаттылығының қалыптасуын,
бейіналды дайындықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Жалпы орта білім беру деңгейі жаратылыстану-математикалық және
қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуға, саралау,
кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлауға бағытталып,
оқушылардың табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған білім
жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның
интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз
етеді [11].
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы орта мектеп оқушысының
белгілі бір деңгейдегі білімінің жиынтығымен, соның негізгі құзыреттіліктерін
білуімен, соны тиімді қолдана білетіндігімен қалыптасады.
Пәндік білім, білік және дағдыларға (ББД) сүйене отырып, оқу пәндерінің
мазмұны арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау
дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма
түрінде берілген пәндік ББД жатады, ал ұйымдастыру формасына –
проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі
ББД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты ету үшін, тиімді
жұмыс жүйесін құру қажет:
1) әртүрлі оқу пәндерінің тақырыптық материалдарынан тапсырма даярлау
керек, оның дұрыс орындалуы білім мазмұнының кіріктірілуін талап етеді;
2) әртүрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, графиктер) қажет;
3) шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда
қолдануды арттыру керек.
28
Сонымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
бойынша сыныптар мен білім беру деңгейлері арасында оқу пәндері
мазмұнының сабақтастығын жүзеге асырудың жолдарын тұжырымдауға
болады:
−
бастауыш сыныпта қалыптасқан функционалдық сауаттылықтар жүйесі
келесі сыныптарда да қолданылатынын ескеріп, олардың өзара
сабақтастығының сақталуын мұқият қадағалау қажет;
−
функционалдық сауаттылықтың маңызын түсінген оқушы әрбір пәндегі
берілген білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы ретінде қабылдауы
тиіс;
−
қолдана білу оқушының мектептегі ең басты жетістігі ретінде
қабылдануы заңды құбылысқа айналуы тиіс;
−
молая әрі күрделене түсетін функционалдық сауаттылықтар жүйесін
оқушылардың жүйелі түрде жадында ұстауын қадағалап, ұмытылғандарды
қайта есіне салып, осыған орай тапсырмаларды орындату ұстаздардың басты
міндетіне айналуы тиіс.
Сонымен бірге оқушылардың функционалдық сауаттылығы нәтижелі болу
үшін мынадай шарттар қамтамасыз етілуі тиіс:
1.
Әр түрлі оқу пәндерінің әр тақырыбы үшін Б.Блум таксономиясына
құрылған тапсырмалар жүйесін даярлау;
2.
Оқу үрдісіне сыни турғыдан ойлау, нәтижеге бағдарланған
технологияларды қолдану;
3.
Білім мазмұны, оқу-әдістері мен формалары да осы технологиялардың
талаптары негізінде анықтау (мысалы, И.Я. Лернердің 4-элементтік негіздегі
мазмұн анықтау теориясы арқылы оқу мазмұнын іріктеу т.б.);
4.
Білім мазмұнын анықтағанда қазіргі ақпараттық технологияның
дидактикалық мүмкіндіктерін, әсіресе оқушыларды іздену-зерттеуге жетелейтін
процесстерді модельдеу мүмкіндігін ескеру, негізге алу.
Достарыңызбен бөлісу: |