B)Әкесінің басқа табантігіп бергеніне C)Ертең сабаққа баратынына
D)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
E)Ауданға баратын адамның болмағанына
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей
қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау...
Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой!
Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан,
қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау!
Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба?
Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған
сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк
еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге
қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп
қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан
әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар
мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен
боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман
қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма
еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат
құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда
жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол
үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді.
Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай
қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.