ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
92
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып,
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін
болыпты.
3.Тышқанның дұшпанын анықтаңыз
A)Батыл
B)Жалқау
C)Мақтаншақ
D)Өркөкірек
E)Айлакер
4.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Батылдығы
B)Шыдамдылығы
C)Шапшаңдығы
D)Ептілігі
E)Тапқырлығы
5.Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.
A)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас
B)Досы көпті жау алмайды
C)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
D)Ежелгі дұшпан ел болмас
E)Жалғыз қаздың үні шықпас
6.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A)Қулығын асырған тышқан
B)Мысық пен тышқан
C)Тату-тәтті өмір
D)Ұйқышыл мысық
E)Жаңа дос
2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан
кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның
назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен
мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Нұрлан
.
Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа
келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық
кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырда» ең соңғы сеансқа
билет барын біліп, соған кіруге тура келді.
«Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды.
Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ»
деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен
кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі
болдым...
Жанерке.
Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге
келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас
|