2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет25/181
Дата15.11.2022
өлшемі3,39 Mb.
#158292
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

«Оқуға құштар мектеп»
жобасы жалғасады. Жобаның 
негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім 
алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін 
арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын 
жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-
аналарды қатыстыруды көздейді. 
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған 
түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту 
бойынша 
ресурстар 
(интернет-викториналар, 
сервистік 
ұсынымдар, 
кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және 
отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында үлкен 
үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын құру 
ұсынылады. 
Кітаптарды 
электронды 
форматта, 
соның 
ішінде 
мобильді 
құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті 
таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын 
арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады. 
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру 
Мектептің тәрбие жүйесінде білім алушылардың рухани-адамгершілік, 
азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің 
іске асырылуын қамтамасыз ететін сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі 
нысандарын ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды. Сабақтан 
тыс қызмет шеңберінде мынадай жобалар іске асырылуы мүмкін:


40 
1) «Отбасы-орта мектеп», 
2) «Оқуға құштар мектеп», 
3) «Еңбек – елдің мұраты», 
4) «Ерте жастан экологиялық мәдениет», 
5) «Қоғамға қызмет», 
6) «Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін 
ұйымдастыру», 
Осы жобаларды іске асыру білім алушылардың тәрбиелік, өмірлік 
кеңістігінің әлеуетін кеңейтуге, жеке тұлғаның өзекті қажеттіліктері мен 
қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді. Жобаларды білім беру ұйымы білім 
алушылардың отбасыларымен, басқа да әлеуметтендіру нысандарымен – білім 
беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тұрақты өзара іс-қимылда және 
тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. 

Білім алушыларды тәрбиелеуге құндылықтық-бағытталған тәсілді іске асыру 
бағдарламасының материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясының сайтында орналастырылған. (https://uba.edu.kz/qaz) 
Қазіргі уақытта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы, мектеп 
парламенті, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жас Сарбаз» балалар қоғамдастығы 
оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың табысты нысандары болып табылады. 

Оқушылардың 
мектептегі 
өзін-өзі 
басқаруы 
білім 
беру 
процесін 
демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының 
ажырамас бөлігі болуы керек. 

Дебаттың мақсаты-зияткерлік рөлдік ойын, білім беру технологиясы, ол бар 
білімді қолдана білуді қалыптастырады, функционалдық сауаттылықты дамытады 
және болашақта өзін-өзі сәтті жүзеге асырудың кепілі болады. 

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдары пікірсайыс клубтары 
мен мектептің өзін-өзі басқару клубтарын ашуы, оның ішінде мектептің аудандық, 
қалалық, облыстық деңгейлерінде пікірсайыс қозғалысының мектеп лигасын іске қосуы 
қажет.

Білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі 
басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы https://www.ziyatker.org/schoolparliament 
сайтында орналастырылған. 
 
Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың құрамдас бөлігі жалпы 
мектептік іс-шаралар болып табылады. Жалпы мектептік іс-шаралардың 
идеялық-құндылық мазмұны білім алушылардың қажеттіліктеріне, мектептің 
ерекшеліктеріне, сондай-ақ мемлекеттік саясат қағидаттарына бағдарланады.


41 
Жалпы мектептік іс-шараларды өткізу кезінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет