12
Бастауыш білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім беру министрінің 2022 жылғы 3
тамыздағы № 348 бұйрығы) жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында
сыныпты екі топқа бөлу
сыныптарда 24 және
одан да көп білім алушылар
болған кезде жүзеге асырылады:
1) қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы қазақ тіліне;
2) шет тіліне;
3) цифрлық сауаттылық (1-сыныптан басқа) негізінде жүзеге асырылады.
Ескертпе:
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 1-сыныпта сынып екі топқа
бөлінбейді.
«Шет тілі» пәні 2022-2023 оқу жылы ҮОЖ сәйкес 2 сыныптарда оқытылады
Негізгі орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
(Қазақстан Республикасы Білім беру министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №
348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу Қазақстан
Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес 24 және одан да
көп білім алушы болғанда:
1) «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін
сыныптардағы;
2)
шетел тілдері;
3) көркем еңбек;
4) информатика екіге бөлініп оқытылады.
Ескертпе:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу қазақ тілінде
оқытпайтын барлық сыныптарда жүргізіледі. Бұл ретте жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 5-9-сыныптар мен 10-11-сыныптарда апталық сағаттық жүктеменің
өзгеруімен топтарға бөлу сақталған.
Мектептер оқу тіліне қарамастан, мектептен тыс және жалпы мектепішілік іс-
шараларды негізінен қазақ тілінде ұйымдастырады.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
(Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы No
348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сынып 24 оқушымен
толтырылған, немесе одан да көп кезде екі топқа бөлінеді:
1) қазақ тілі мен әдебиеті – қазақ
тілінде оқытатын сыныптарда;
3) шет тілі;
4) информатика.
✓
Ата-аналардың қаражаты есебінен оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін (бастауыш
сыныптарға арналған жазуларды) сатып алуға жол берілмейді.
✓
ОӘК бюджет қаражаты есебінен ғана сатып алынады.