Осыны басқа қара қарақат, алма, қызанақ (2:2:1) және (20:1) шырындарымен қосып пайдаланғанда әсерлік күштері арта
түсетіндігі анықталған.
Кавказ халықтарының медицинасында пісіп жетілмеген қияр жемісінің және сабақ – жапырақтарының қайнатпасымен
сары ауруды, бауырдың ауруын емдеуге ішкенді ұсынады. Қияр тұқымдарының қайнатпасын бүйрек және қуық ауруларын
емдеуге сүргі дәрі ретінде пайдалануды ұсынады. Жас қияр шырыны емдік – сақтандырғыш және әдемі – сәндік дәрісі
ретінде жоғары бағаланады: бет терісін ағартуға, уылжытып тонусын жақсартып, оған күліңгір барқат түс беруге әсерін
тигізеді және осымен қатар бөртпелерді, секпілдерді, безеулерді, пигмент дақтарын жоюға жақсы әсерін тигізеді.
Соңғы кездері қияр жемісінен және басқа да асқабақ тұқымдас дақылдардан табылған кукурбитационды паталогиялық
ткань
рак ауруының өсіп, тарауын тоқтататын мүмкіндігі анықталды, осыған байланысты
жаман ауруды емдеуге
пайдалануда. Қиярдың тамырынан алынған сығындысын СПИД-тың дамуын тежеп, тоқтататындығы
мерзімді баспасөз
мәлімдемелерінде жарнамаланып жүр. Қазіргі медицина мамандарының тұжырымдамасында қиярдың құрамындағы
никотин
сияқты зат бар, темекі тартуды қойғысы келгендерге қиярдың жас жемістерінен бастап,
маринадталған,
консервіленген және т.б. тағамға пайдалануды ұсынады. Осымен қатар тағы да осы зат альцгеймер ауруына қарсы
тұратындығының анықталғанын қорытындылайды. Қияр жемісіндегі күкірт шаштың түсуінен
сақтандырады, тістің,
тырнақтың жағдайын жақсартады дейді мамандар. Қияр жемісінің тағы бір құндылығы құрамындағы йодтың жеңіл
сіңірілуінде, ал осы микроэлемент қалқанша безінің жақсы жұмыс жасауын қамтамасыздандыратындығы анықталған.
Арықтаудың ең оңай түрі - қияр жеп арықтау, - дейді.Бүлай арықтау еш қиындық тудырмайды. Жасыл қияр дәмді ғана
емес, денсаулыққа өте шипалы.Қияр ағзадағы зат алмасуды реттеп, ішектерді тазалап, теріні нәрлендіреді. Қиярдың
құрамында калорий аз болады, сондықтан ол майлы тағамдардың ағзаға екі-үш сағатта сіңіп кетуіне мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар, көкөністің бүл түрі -белгілі мөлшерде ағзаға қажетті дәрумендерді береді. Қияр жеп арықтауды қолға алған
адам, үш күннен соң, артық салмақтан арыла бастағанын байқайды.
Достарыңызбен бөлісу: