Тайм-менеджмент


Уақытын жоғалтқанның өкініші



Pdf көрінісі
бет27/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Уақытын жоғалтқанның өкініші
Өмір – әр адамға тек бір рет қана берілетін өте бағалы
әрі шектеулі нығмет. Соған қарамастан, адам баласының ең
көп алданып, бос өткізетін нығметі де – осы «уақыт».
«Ғасырға серт! Шынында, адам баласы зиян ішінде.
Тек иман келтіргендердің, соған сай игілікті істер
атқаратындардың, 
бір-біріне 
ақиқатты
насихаттайтындардың 
және 
бірін-бірі 
сабырға
шақыратындардың жөні бөлек»
.
55
Уақытқа серт етумен басталған бұл сүреде иман ету, ізгі
амал жасау, шындық пен сабырды үгіттеумен өткізілмеген


уақыт ысырап етілгенмен тең болып, қасіретке себеп
болатындығы айтылған. Сонымен бірге, уақыт тұрғысынан
алданып жататын адамдардың көп екенін де осы сүреден
аңғаруға болады.
Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде осыны былай түсіндіреді:
«Адам баласы туылған күнінен бастап, шашына ақ түсіп,
қартайғанға дейін Алланың разылығын табу жолында бетімен жер
сүзіп, шапқылап жүрсе де, қиямет күні сол істегенін өте аз көріп,
одан да көп істеген болсам ғой дейді».
56
Мүмін адам ұзақ өмір сүріп, ғибадатпен, қайырлы, ізгі
амалдармен күн кешіп, соның жолында көп қиындыққа төзсе,
ақыреті үшін өте үлкен қазына сауап жинаған болар еді.
Бірақ ақыретте ақиқатты көргенде, парыз бен нәпіл
ғибадаттарға беріліп жатқан сауаптар мен олар арқылы қолы
жететін нығметтерді білгенде қайта оянып, әлгі істеген
ғибадаттары мен ізгі амалдарын тым аз көре бастайды.
Көбірек істемегені үшін өзін-өзі айыптайды.
Бұл жөнінде бір риуаятта былай делінеді: «Сыйы мен
сауабын арттыру үшін дүниеге қайтарылуды армандайды».
57
Тағы бір хадисте қиямет күніндегі өкініш төмендегідей
баяндалады:
«Жаннат халқы басқа нәрсеге емес, тек дүниеде Алланы зікір
етпей өткізген сәттеріне ғана қасірет пен өкініш сезінетін
болады».
58
Қиямет күні Алланың құзырына жиналған кезде біздің бұл
дүниеде өмір бойы өткізген уақыттарымыздың барлығы да ол
жақтағы уақытпен салыстырғанда бір күннен аз болатындығын
Алла Тағала Құранда былай баяндайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет