Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет1/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment




Шынар Әділова
ТАЙМ-
МЕНЕДЖМЕНТ
УАҚЫТЫҢДЫ БАСҚАР
Алматы, 2019


Кітапта адам баласының теңдессіз қазынасы – уақыт жайлы
сөз қозғалады. Уақыттың қол үзіп қалған жағдайда орны
толтырылмайтын бірден-бір нығмет екені түсіндіріліп, осы
уақытты 
орнымен 
пайдаланудың 
қыр-сыры 
көрсетіледі.
Заманауи тайм-менеджмент ережелерін оқырман назарына
ұсына отырып, оны асыл дініміздің шеңберінде қолдану
жолдары беріледі. Сондай-ақ түрлі тұлғалардың уақытты
жүйелеу әдістерімен таныстырылады.
Кітап уақытына бей-жай қарамайтын барша оқырман
қауымға арналады.



АЛҒЫ СӨЗ
Батыста «уақыт – ақша» деген түсінік қалыптасқан. Ал
мұсылман ойшылы Хасан Басри «Мен өздерінің уақытына
ақшасынан да аса ұқыптылықпен қараған адамдарды көрдім»
деп, уақыттың дәрежесін ақшадан да жоғары қойған. Құнын
ақшамен 
есептеуге 
келмейтін, 
алтынға 
бергісіз 
иләһи
жауһарды пенделік ақылмен өлшеу мүмкін емес.
Ақиқатында, Алла барлық адамға бір күнде 24 сағат уақыт
берген. Артық-кемі жоқ. Байда да 24 сағат, кедейде де 24
сағат бар болғанындай, намазын уақытында оқып, діни
сауаттылығын арттырып, Құранға көңіл бөле отырып, адал
ризық табу жолында маңдай терін төгіп жүрген мұсылман
жанның да 24 сағаты бар. Олай болса, ет пен сүйектен
жаралған бір адамның қолынан келген істі екінші бір
адамның да атқара алатын мүмкіндігі бар екенін мойындау
керек. Барлық мәселе «уақыт жетпейдіге» келіп тірелетін
болса, сол уақытты басқарып үйрену керек. Ал уақытты
басқару дегеніміз тура мағынасында уақыттың билеушісіне
айналу емес. Себебі уақыт – Жаратушы Иенің құзырындағы
дүние, Алланың ұлы құдіретінің бірі. Біздің оны тоқтатып
қоюға, ары-бері жылжытуға, ұзартып созуға, қайтарып алуға
қауқарымыз жоқ. Алланың пендесінің қолынан келері – сол
уақыттың ағымына үлгеру үшін өз-өзімен жұмыс істеп түзелу
болмақ. Яғни, уақытты емес, өз-өзін басқаруды үйренуі қажет.
Өзінің уақытын дұрыс жүйелей білген жанға уақыт
жетіспеушілігі деген синдром мүлде жат. Ал адам осылай өз-
өзін басқарып, уақытын тиімді пайдаланып үйренуі үшін ең
алдымен сол уақыттың маңызын түсінуі шарт.
Уақыт – өмір. Уақытын тиімді өткізген, оның маңыздылығы
мен құндылығының байыбына бара білген жанды шынайы
өмір сүріп жатқан деп есептеуге болады.
Дүние мен ақыреттің кілті болған білімге уақыт арқылы қол
жеткізіледі. 
Теңдессіз 
туындылар 
– 
уақытты 
тиімді


пайдаланудың нәтижесі. Мәдениет – уақытты дұрыс қабылдау
мен маңызын түсінудің туындысы, уақытпен етене жақын
болған адам еңбегінің жемісі. Өмір уақытқа көңіл бөлу
арқылы мәңгілікке айнала алады. Адам үшін де, қоғам үшін
де солай.
Уақытты дұрыс жүйелеудің тәжірибелері бар. Оны сан
мыңдаған адам өз басына қолданып, кейінгілерге қазына етіп
қалдырған. Оның ең озық үлгісі адамзаттың асыл тәжі
Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) болатын. Мына бізге, үмбетіне
қадірлі 
уақытты 
қалай 
жұмсаудың 
қыр-сырын 
айтып
қалдырған. Мысалы, таңғы уақыт берекелі, өнімді уақыт;
сәресі уақытында береке бар екендігі; бір істен шаршасаң,
екінші іске ауысу арқылы демалу; беймезгіл уақытта
ұйықтамау; түннің бір уағында оянып, құлшылық жасау
арқылы сергектікті қалыптастыру жайлы; бес уақыт намаз бір
күнді бес уақытқа бөліп, реттеуге көмектесетіні; әр намаз
уақыты минутына дейін өзгешелігімен әрбір адамға уақытты
әрдайым есте ұстауға үйрететіні; түстен кейін бір мызғып
алудың пайдасы, т.б. Бұлардың әрбірін бүгінде батыстың
іскер азаматтары жеке кітап етіп халыққа ұсынуда. Қарап
отырсақ, біздің қолымызда Пайғамбарымыз үйреткен алтын
қазыналар бар. Бірін қалдырмай, қолдана білсек, соның
үдесінен шыға алар едік.
Кейде айналамыздағы адамдардан «жұмыс істеуім керек»,
«сабақ оқуым керек», «намаз оқуға уақытым жоқ» дегендей
немесе керісінше «құлшылықтарымды толық орындайтындықтан,
басқа іске уақытым қалмайды» деген сөздерді естіп жатамыз.
Негізінде, өмірде бәріне де уақыт жеткізе аламыз! Тек
әсірелікке де салынбай, селқостық та танытпай, өмірде
жетістікке жету үшін барлығына да жететіндей етіп берілген
уақытты тиімді пайдаланып үйрену қажет. Оның көптеген
құпиялары осы кітапта жазылған. Сондай-ақ бұл кітапта түрлі
тұлғалардың уақытты жүйелеу әдісімен танысасыз. «Болмасаң
да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп Абай айтпақшы,
соларға еліктеп, сіз де уақытты пайдалы өткізетін майталманға
айналасыз деп үміттенеміз.



КІРІСПЕ
Адам баласының бар өмірі белгілі бір уақыт аясында
өтетіндіктен, әрі әрбір жан уақытқа тәуелді болғандықтан, қай
заманда болмасын уақыттың маңыздылығы алдыңғы орында
тұруы табиғи жайт. Адамзат жаралғаннан бастап уақыт
дегенді ұғынуға, оны анықтауға, дұрыс есептеуге, тиімді
пайдалануға тырысып баққан. Соның жолында көптеген
зерттеулер жүргізіп, ізденістер жасаған. Уақыт әрбір адамға,
барлық мекенге бірдей берілгендіктен, әлемнің әрбір
бұрышында сол уақыт жайлы зерттеулер қолға алынған,
уақыттың маңызы мойындалған.
Уақытқа тәуелді емес һәм әуелден бар біздің жаратушымыз
Алла Тағала белгілі бір уақытта «уақыт» түсінігін жаратты
және 
басқа 
жаратылыстардың 
ғұмырын 
сол 
уақытқа
байланысты етіп белгіледі. Сондықтан жер бетіне адам
баласын халифа етіп жібергеннен-ақ уақыттың маңыздылығын
ескерткен. Солайша Алланың жіберген әрбір пайғамбары мен
түсірген әрбір діні уақыт мәселесіне жіті көңіл бөлген. Соңғы
асыл дініміз Ислам да уақыт түсінігі мен оның маңызын
шегелеп айтып кеткен. Алла Тағаланың сөзі Құранда,
Пайғамбар (с.а.с.) өсиеті хадисте және Ислам ғұламаларының
еңбектерінде уақыт тақырыбы жиі қарастырылып, оның
маңызы мен орны жан-жақты түсіндіріледі. Әрі ықылым
заманнан бергі мұсылмандар өз уақытына аса мән беріп, бұл
тұрғыда қырағылық таныта білген.
Құран мен хадистерден нәр алған мұсылман ғалымдарының
еңбектері мен соған сай кешкен ғұмырлары уақыт пен оның
маңызын көптеп баяндап береді. Ғалымдарымыздан уақыт
құндылығы тақырыбында көптеген келелі еңбектер қалған.
«Құрғақ қасық ауыз жыртатынын» білген олар тек сөзде ғана
айтып өтпей, амалдарымен дәлелдеп, істерімен үлгі бола
білген. Тіпті өмірлік әдеттеріне айналдыра отырып, ілімін
жалғастырған шәкірттері мен артынан ерген ұрпақтарының
бойына сіңіріп кеткен. Олардың өміріне көз жүгірткен кезде


уақыт құндылығын жіті ұғына білгендігі, мәселенің маңызының
парқына бара алғандығына куә бола аламыз.
Уақыт тақырыбында қалам қозғаған Ислам ғұламаларының
бізге жеткен еңбектері баршылық. Алайда соңғы ғасырларда
уақыттың маңыздылығы жайлы Батыс елдерінде көбірек
айтылып жүргенін көрудеміз. «Жақсыдан үйрен, жаманнан
жирен» демекші, діні мен ділі бөтен өзге мәдениет
болғанымен, үйренетін тұсын алып, жиренер тұсында діни һәм
ұлттық иммунитетіміз арқылы өзімізді сақтай білсек, тек
пайдасын көрген болмақпыз.
Осы мақсатта екі әлемді ұштастыра отырып, таразының
басын тең ұстауға тырысып, Құран мен хадистен бастау алған
ислами дереккөздердегі уақыт құндылығы мен заманауи тайм-
менеджмент тақырыбында көш ілгері алда келе жатқан
батыстық туындыларды үлгі ретінде алу арқылы өз ана
тіліміздегі тұңғыш еңбекті жарыққа шығаруды жөн санадық.
Бұл 
еңбектің 
жазылуы 
барысында 
ең 
алдымен
Жаратушымыздың қасиетті Кәламы мен Оның әз Елшісінің
өнегелі сөзіне жүгіндік. «Мұсылманмын» деген әрбір жан үшін
Ислам атынан сөз сөйлеу не жазба жазу барысында алғашқы
кезекте бет түзейтін қайнар көздер осылар екені әмбеге аян.
Қасиетті Құранның уахиын жеткізу барысында «Көкжиек»
баспасынан шыққан «Құран Кәрімнің қазақша түсіндірмелі
аудармасы» мен түрік тіліндегі алдыңғы қатарлы Елмалылы
тәпсірі (Elmalili Hamdi Yazir, «Hak Dini Kuran Dili»)
пайдаланылды. Ал Алла Елшісінің хадистері барша мұсылман
жұртшылығына танымал әрі сенімді «


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет