Тайм-менеджмент


Уақыттың маңызын түсінгендер



Pdf көрінісі
бет9/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Уақыттың маңызын түсінгендер
Тарихта артында өшпестей із қалдырған Хетт патшалығы,
Мысыр, Грек және Рим мәдениетінде күнтізбе қолданылуы


олардың сонау ерте заманнан уақыттың қадірін түсініп, соған
сай өмір сүруге тырысқанын аңғартатындай. «Күнтізбе»,
«уақытты білгілеу» деген ұғымдар мемлекет пен адамдардың
істері уақытқа қарай жоспарлағанын білдіреді. Күн тәртібі
бойынша әрекет ету уақыттың ретке келтіріліп, адам өмірінің
аса 
тиімді 
өткізілуін 
көрсетеді. 
Тарихтағы 
ең 
алып
мемлекеттердің бірі болған Мысырда жылды 12 айға, күндізді
12 сағатқа, түнді 12 сағатқа бөлгендігі, әрбір сағатқа жеке-
жеке атау бергендігі мәлім.
Алғашқы ғасырлардағы мұсылмандар да уақыттың қадірін
жете түсіне білген. Мұның бірден-бір дәлелі бола алатын ең
үлкен жаңалық – олардың сағатты ойлап табуы. Үлкен
алаңдарда, кең сарайларда, орталықта, қоғамдық орындарда
әрдайым сағат болатын. Бұл олардың әрбір минуттың қадірін
түсінгендігін көрсетеді. Осылай уақытты қадірлей білгені үшін
де Ислам мәдениеті бүкіл ортағасырлық қараңғылық кезеңді
нұрға бөлей білді. Өзгелер мұсылман мәдениетінен үлгі алды,
көп жайтты үйренді. Ал қазір сол мәдениет қайда қалды,
неліктен мұсылман әлемі артта қалуда деген сұрақтарға бір
ғана жауап айта аламыз: себебі мұсылман үмбеті уақытын
бағаламайтын болды. Батыс болса, керісінше, мәңгілікке
негізделген рухани құндылықтары болмағандықтан, жер
бетіндегі 
әрбір 
сәтін 
бағалап, 
әр 
минутын 
есептеп
пайдаланып, өзінің даму жолында үлкен жетістіктерге жетіп
отыр.
XIX ғасырда алда болған мемлекет ретінде есептеуге
келмеген Ресей Империясының коммунистік төңкерістен кейін
қол жеткізген технологиялық дамуын да жаңа басшылардың
уақыт жайлы ой-тұжырымдарды дұрыс қалыптастыруымен
түсіндіруге болады. Төңкеріс уақытындағы басшылардың өздері
«уақыт секілді құнды нәрсе бір қол сағаты сияқты қарапайым
дүниеге аманат етіле алмайды» деген түсінікпен қысқа уақытта
ауқымды істерді үлгеру үшін сан түрлі шара іздеп, «уақытты
халқына бағындыруға» тырысып, адамзат тарихында бұрын-
соңды болмаған ұмтылыспен барша отандастарының уақытты


тиімді қолдануына жағдай жасауды жоспарлаған. Осылайша
төңкеріс «уақыт машинасына» айналғандай болды.
11
Тайм-менеджмент

УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Пост-кеңестік көршіміз Ресейдің тайм-менеджмент сарапшысы
Глеб Архангельскийдің айтуы бойынша, «Өз уақытын басқару»
түсінігі адамның барша мүмкіндіктерінің ішіндегі ең құндысы
«уақыт» болғандықтан ортаға шыққан. Уақыт – қайтып
айналып келуі мүмкін болмаған әрі өте шектеулі қор.
Сондықтан барлық басқару жүйесін уақытты есепке ала
отырып реттеу қажет.
Енді осы түсініктемеге асыл дініміздің призмасынан да қарай
отырып, анықтама беруге тырысатын болсақ, тайм-менеджмент
дегеніміз – бұл дүниеде және ақыретте жетістікке жету үшін,
өзімізге әрі өзіміз жауапты жандарға пайдалы ғұмыр кеше


білу үшін уақытты дұрыс пайдалану мен тиімді жұмсауды
жоспарлау.
Өткен ғасырдың алғашқы жартысында-ақ өзін-өзі және
уақытты басқару тұрғысында көптеген зерттеулер жүргізіп,
еңбектер жазып кеткен Америка-Австриялық кеңесші Питер
Друкер ескеруіміз қажетті мынадай нұсқаулық береді:
«Табысты 
меңгеруші 
бірден 
тапсырмаларды 
орындауға
кіріспейді, 
алдымен 
уақытына 
қарайды. 
Олар 
бірден
жоспарлауға кіріспейді, алдымен уақытын қандай істерге
жұмсайтынын нақтылайды. Сонымен қатар олар уақытын
босқа шығындайтын қажетсіз істерді барынша қысқартуға бар
күшін салады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет