Тайм-менеджмент


Жастық шақтың маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет7/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Жастық шақтың маңыздылығы
Адам баласының уақытының ішіндегі ең маңыздысы, оған
санаулы күндер түрінде сыйға тартылған баға жетпес нығмет
– жастық шағы. Ақылы бар адам бұл бағалы да шектеулі
мүмкіншілікті ең тиімді түрде өзінің мәңгілік пайдасына
жұмсаудың жолдарын іздейді.
Алайда жастықтың қадірі көбіне кәрілікте ғана аңғарылып
жатады. Тәжірибесі мол, көпті көрген ақсақалдардың
бірауыздан айтар шындығы: «Байқа, жастық шағыңда алданып
қалып жүрме! Өйткені ол жылдам өте шығады екен».


Имам Раббани екі ауыз сөзбен қандай тамаша жеткізген:
«Уақытыңның ең бағалысы болып табылатын жастық шағыңды
тиісінше ең бағалы істермен өткізуің керек».
Жастық шақты ойнап-күлу мен ойын-сауық уақыты деп
ойлайтындар қатты қателеседі. Жастық шақ адамға өмірлік
қажет болатын мықты сенім мен көркем тәрбиені меңгерудің
ең ыңғайлы мезгілі. Жастық шағын дұрыс пайдаланбаған,
жеткілікті білім алмаған жан қартайғанда сыйлы қарт бола
алмайды, адамдар мезі болып жалығып, құтылуға асығатын
сүйкімсіз шал болады.
Егер де өскелең ұрпақ өздерінің жастық күш-жігерін
нәпсіқұмарлықтары 
мен 
қиял-әуестерін 
қанағаттандыру
жолында ғана пайдаланатын болса, Алла Тағаланың рақымы
мен 
кеңшілігінен 
мақұрым 
қалары 
сөзсіз. 
Мұндай
бақытсыздыққа душар болған ұрпақ барлық тұрғыда артта
қалады.
Қандай мамандық иесі болмасын, өмірде өз орнын табуға
ұмтылған әрбір жанның жетістікке жетуіне оның «уақыт»
түсінігі үлкен рөл атқарады. Олай болса, жастардың тәрбие
мен білім алу кезеңінде үйретілуі қажетті негізгі мәліметтер
мен қалыптастырылуы керек әдеттердің қатарында «уақытқа»
қатысты мәселелер де үйретілуі тиіс. Бұл мәліметтер мен
әдеттер өмірдің әрбір сәтін тиімді өткізуіне септігін тигізіп,
адамның жетістікке жету жолында бірінші кезекте орын
алады.
Бұл жеке адам үшін қажетті болғанындай, қоғам үшін де
маңызды. «Уақыт» мәселесін жақсы түсінген, жұмысы мен
қоғамдық қарым-қатынастарын сол түсініктің аясында реттей
білген қоғам басқаларына қарағанда әлдеқайда дамыған әрі
жайлы өмірге қол жеткізе алған. Технология дамуында алға
озған мемлекеттерде «уақыт» мәселесінде дұрыс түсінік
қалыптасқан.


Бұл мәселеде зерттеу жүргізген әлеуметтанушылар дамыған
мемлекеттер мен артта қалған елдер арасындағы ең басты
айырмашылықтардың бірі «уақыт» жайлы ой-тұжырымдары
екендігіне көз жеткізген. Олардың зерттеуінше, дамыған
мемлекеттерде атқарылатын істің уақытқа байланысты тәртібі
бар және әрбір іс өзіне бөлінген уақыт ішінде орындалуы
қажет. Артта қалған елдерде болса, өмір кездейсоқтыққа
негізделген. Аталған жайт тек батыс пен шығыс арасындағы
айырмашылық қана емес, барлық дамыған мемлекеттер мен
артта қалған елдер арасындағы жиі кездесетін әрі өзгермес
ақиқатқа айналғандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет