Тайм-менеджмент


«Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей аз ғана



Pdf көрінісі
бет28/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

«Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей аз ғана
уақыт тұрдық. Алайда нақты айта алмаймыз, оны
уақыттың есебін білетіндерден сұрасаң болар еді», –
деп, жауап береді»
.
59
Олай болса, бұл дүние тіршілігі бізге еңбектеніп, ақыреттік
өмірге азық жинауымыз үшін берілген қысқа ғана мерзімнен


тұрады.
Әр секундтың қадірін біліп, оны ақыретке әзірлену жолына
жұмсаудың жолдарын ойлау керек. Олай болмаған жағдайда
уақыт текке кеткен болады. Ал уақыттың босқа шығындалуы
– ең үлкен өкінішке душар етер жайттардың бірі.
Уақытты қалай болса солай шығындап, өмірін текке
өткізгендердің ақыреттегі бейшара халін баяндайтын мына аят
қандай ғибратты десеңізші:
«Тозақта олардың шыңғырған ащы дауысы шығып:
«Уа, Раббымыз! Садағаң кетейік, бізді мына тозақтан
шығара гөр (дүниеге қайтаршы)! Бұрын-соңды істеген
теріс істерімізден бөлек игілікті істер атқарайық!» –
дейді. 
Сонда 
оларға: 
«Сендерге 
ақылға 
салып,
ойланатын адам емін-еркін ойланып, ғибрат алатындай
(һәм өзінің жаратылыс мақсатына қарай әрекет етіп,
біраз игілікті істі тындырып тастайтындай) жеткілікті
ғұмыр бермедік пе?! Онымен қоймай, сендерге
ескертуші ретінде пайғамбар да келген еді. Енді
азаптың дәмін татыңдар! Залымдардың медеткері
болмайды»
, – делінеді».
60
Пайғамбар (с.а.с.) бір күні:
Өлген соң өкінбейтін ешкім болмайды, – деді. Сонда
сахабалар:
– Ол нендей нәрсеге өкінеді, уа, Алланың Расулы? – деп
сұрады.
Өлген адам жақсы мұсылман болса, амалдарын одан да
арттыра түспегеніне, ал жаман адам болса, сол жамандығынан бас
тартпағанына өкінеді, – деді.
61
Барлық нығметтер секілді уақыт ысырабының да басты
себебі өлім атты ақиқатты тиісінше түсіне алмаудан
туындайды. Өйткені нәпсінің бойында жаратылысынан бері
фәнилікті мойындамау қасиеті бар. Сол себепті адам баласы
өзін қашан да өлімнен алыс көреді. Алайда әрбір жан иесі
үшін белгіленген ақтық дем бар. Мұны жою және дүние


өмірін белгілі бір уақыт жалғастыру мүмкін емес. Уақыт
Алланың заңы бойынша белгіленген арна бойынша аға береді.
Дүние өмірінде барлық нәрсені сатып алуға азды-көпті
мүмкіндік бар, бірақ өткен уақытты ешқашан...
Ең маңызды уақытымыз болған ақтық демімізді беретін сәтте
иман мен кәлимә-шәһәдәтпен Жаратушымыздың құзырына
шыға алу үшін өміріміз бен уақытымызды ысырап етпей,
тиімді пайдалану бей-жай қарамауымыз қажет ең маңызды
міндеттеріміздің бірі екенін естен шығармаған жөн. Алланың
құзырында өкінбейтіндей етіп бос уақыттарымызды игілікпен
толтыруды мақсат тұтуымыз қажет.
Үш топ та өкінді
Зұлқарнайын әскерімен жолда келе жатып «аяқтарыңа ілінген нәрселерді
жинай жүріңдер» деп әмір береді.
Әскері бұл әмірді естіген кезде іштерінен бір бөлігі «Көп жүрдік, қатты
шаршадық. Түн ішіндеміз, оған қоса аяғымызға ілінген нәрселерді жинап
босқа қиналамыз ба, еш нәрсе жинамаймыз» деген шешімге келіп, еш нәрсе
жинамайды.
Екінші бөлігі «Қолбасшымыз бұйырған екен, әмірге бағынайық, аз ғана
болса да жинайық. Өйткені қолбасшыға қашанда мойынсұну керек» деп аз
ғана жинайды.
Үшінші топ болса «Қолбасшымыз еш нәрсені босқа әмір етпейді.
Міндетті түрде бір нәрсені біліп айтқан болу керек, әмірін орындаймыз»
деп бүкіл қаптарын бетіне дейін толтырады.
Таң атқан кезде бүкіл әскер түнде алтын қойнауынан өткендерін
түсінеді. Аяқтарына тиген нәрселердің алтын екенін ешкім аңғармаған
екен. Сонда әмірді тыңдамай еш нәрсе алмаған бірінші топ:
– Қап, неге алмадық! Қолбасшымыздың сөзін неге тыңдамадық? Ең
болмағанда біреуін алғанымызда ғой... – деп өкініп қалады.
Екінші топ та өз-өздерін сөге бастайды:
– Қап, біраз тағы алуымыз керек еді. Қалталарымызды,
қаптарымызды аузына дейін толтырып алуымыз керек еді...
Тіпті үшінші топ та өкініп:
– Керексіз, пайдасыз заттарымызды тастағанда бұдан да көбірек
жинайтын едік, – дейді.


Міне, осы мысалдағы секілді ақыретте де барлық адам өкінеді. Кәпір
болған адам:
– Неге иман етпедім? Сенгенімде, ең болмаса, жәһәннәмға түссем де,
иманымның арқасында соңында бәрібір жаннатқа кірер едім. Мәңгілік
тозақтан құтылар едім, – деп өкініштен өзегі өртенеді.
Мұсылман болғанымен сауабы аз кісі:
– Бұдан да көп сауапты істер жасауым керек еді. Бұдан да көп
нығметке қауышар едім, – деп сан соғады.
Мұсылман болып, сауабы көп болған кісі болса:
– Қап, бұдан да жоғары дәрежелерге көтеретіндей көбірек ғибадат
жасауым керек еді, көбірек садақа беріп, көбірек ораза ұстап, көбірек
сауап жинайтын амалдар жасауым керек еді, – деп өкінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет