Бос әңгімелерді доғаруды үйреніңіз.
Талқыланып жатқан
жайттың
нүктесін
қойып,
қонағыңызбен
қоштасып,
жұмысыңызға оралыңыз.
Қонақтарды қабылдайтын арнайы уақыт белгілеңіз.
Кездесулер жайында алдын-ала келісіп алуға тырысыңыз.
Әріптестеріңізге де белгілі бір уақыттарда есігіңіз ашық
болатынын хабарлаңыз.
Басқалардың уақытын ұрламаңыз. Басқаларға күтпеген
қонақ болып бармаңыз. Жұмыстарыңыз болатын болса,
сыпайы түрде рұқсат сұраңыз.
Мұнда да алдын-ала келісіп
алғандарыңыз жөн.
Егер сіз өз жұмысыңыздың өнімділігін арттырғыңыз келсе,
айналаңыздағы адамдар сізді басқалардың уақытын ұрлаушы
ретінде санамайды ма, соны сұрап біліңіз. Шынайы жауапты
естуге дайын болыңыз. Олар сізге қалай жауап бергеніне
қарамастан, өзіңізді ақтамаңыз. Үнсіз тыңдап, алғысыңызды
білдіріңіз. Кейін
айтылғандарды қорытындылап, өзіңізбен
жұмыс істеуге тырысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: