футбол жарысын талқылап немесе бір жыл бұрынғы
демалысыңызды суреттеп бос әңгімемен шығындамауыңыз
қажет. Өзіңіз секілді әріптестеріңізбен сұхбаттарыңыз бен
пікірталастарыңыз сіздердің ортақ жұмыстарыңыз жайында
болғаны жөн.
7. Сенімсіздік
Уақытты ұрлаушы факторлардың санатындағы ең соңғысы –
сенімсіздік және соған байланысты туындаған жұмысты кейінге
қалдыру әдеті. Сенімнің жоқтығы сіздің қаншалықты көп
уақытыңызды ұрлауы ықтимал екенін елестете де алмауыңыз
мүмкін. Шектен тыс хабарламалар мен сөйлесулер, келісімдер
мен артық істердің себебі де осы. Сенімсіздік себебінен өз
уақытыңызбен қоса айналаңыздағы жандардың да уақытын бос
шығындайсыз.
Сенімсіздік – жұмысты кейінге қалдырудың ең басты
себептерінің бірі. Ол тек уақытты ғана емес, қаражатты да
шығындайды әрі жүйкеңізді жұқартады.
64
Достарыңызбен бөлісу: