Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет33/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

4. Оқыс жағдайлар
Уақытты ұрлайтын келесі фактор – оқыс жағдайлардың
орын алып, оны түзетуге тура келуі. Енді ғана жұмысқа бар
ынтаңызбен кірісе бергенде кенеттен оқыс жағдайлар орын
алып, сіздің бірнеше минутыңызды, не бірнеше сағатыңызды,
тіпті одан да көп уақытыңызды алуы ғажап емес.
Мұндай жағдайлар орын алғанда төмендегі әрекеттерді
жасаған жөн:

Әрекет етпес бұрын ойланыңыз. Барлық сәтсіздіктің себебі
– ойланбай жасалған әрекет екенін есте ұстаңыз.
Салқынқандылық сақтай отырып, болған жағдайды толық
анықтаңыз. Шешімін табу үшін мәселені анықтап алу
қажет.

Жауапкершіліктерді 
бөліп 
беріңіз. 
Мүмкіндігі 
бар
адамдарға бөліп берген кезде әр адам шамалы ғана уақыт
пен аз күш жұмсай отырып, жағдайды орнына келтіре
алады.

Болған жайды қағаз бетіне түсіріңіз. Осылай ету
парасаттылық пен сабырлылық сақтауға көмектеседі.

Мәліметтерді 
жинақтаңыз. 
Құрғақ 
болжамдармен
шектелмей, нақты деректерді анықтай білу – кез келген
мәселенің шешімін табудың басты жолы.

Әдіс-тәсіл ойлап табыңыз. Егер қандай да бір қиындықтың
орын алуы қайталана беретін болса, барлығы түсініп
қолдана алатындай түрде оның шешім жолы мен әдіс-
тәсілін ойлап табыңыз.
Мұндай төтенше жағдайлар әркімнің басында болуы мүмкін
болғандықтан, іштей және сырттай ондайға дайын болған
жөн.
5. Істі кейінге қалдыру


Бесінші уақыт ұрлаушы фактор – істі кейінгі қалдыру әдеті.
Бұл әдет адамның уақытын ғана емес, өмірін де ұрлайды.
Одан құтылу сіздің бүкіл өміріңіздің өзгеруіне жағдай
жасайды.
Бұл әдеттің тамырына балта шабатын жеті тәсіл бар:

Қағазға жазып жоспар құрыңыз. Мұқият дайындалыңыз.
Әрбір әрекетіңізді алдын-ала ойластырыңыз. Тапсырмаңызды
әрбір қадамына дейін анықтап жоспарлаңыз.

Жұмысқа кіріспес бұрын барлық қажетті құрал-
жабдықтарыңызды сайлап алыңыз. Кейін алаңдамас үшін
алдын-ала дайындап қойған жөн.

Алғашқы қадамды бастаңыз. Көбіне алғашқы 20% әрекет
жұмыстың нәтижесінің 80%-ына қол жеткізеді. Басын
бастап алсаңыз, ары қарай жалғастыру жеңіл болады.

Алдағы тапсырмаңызды бөлімдерге бөліп алыңыз. Кейде
ауқымды жұмысты бөлімдерге бөліп алып, аз-аздан орындап
отырып алға жылжу ол тапсырманы аяқтаудың таптырмас
жолы бола алады.

Жұмыс уақытыңызда бес минуттық үзілістер арнап, ол
сәттерде қысқа уақытта жасалатын істеріңізді бітіріп алуға
пайдаланыңыз. Солайша жалпы жұмысты жайлап бөліп-
бөліп аяқтайтын боласыз.

Жұмысты кейінге қалдыруға бейімділіктен арылу үшін
алдымен жеңіл әрі көлемі шағын істерден бастаңыз. Бұл
алғашқы қадам жасап алып, кейіннен қиынырақ істерге
кірісуге мүмкіндік береді.

Кей-кейде керісінше ең ауыр істен бастау да қажет
болады. Ең көп уақыт алатын жұмысыңыздан бастап
атқаруға өзіңізді көндіріңіз. Оны аяқтаған соң басқалары
анағұрлым жеңіл болатындығына көзіңіз жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет