Құран Кәрімде Алла Тағала жылдың әр күнін, күннің әр
сағатын біркелкі қылмаған, олардың кейбірінің қадірі жоғары
екендігін білдірген. Бұл хабарлар кейде анық айтылса, кей
жерде астарлы түрде білдірілген. Кей жағдайда ол уақыттарға
ант етіліп, барынша назарымызды аударады. Құранда уақытқа
қатысты астарлы түрде айтылған жайттар хадистер арқылы
айқындала түседі. Бұл тұрғыда тақырыбымызға дәлме-дәл сай
келетін мысалдардың бірі – «Фәжр» сүресі. Бұл сүреде анық
айтылғанын да, астарлы жеткізілгенін де, ант ете отырып
келтірілгенін де көре аламыз. Сүренің бастапқы аяттары
келесідей:
Достарыңызбен бөлісу: